Клуб жаңалықтары

09 Сәуір «Ордабасының» үш бірдей ойыншысы OLIMPBET Қазақстан Чемпионатының 3-турының үздіктер құрамасында. «Ордабасының» үш бірдей ойыншысы OLIMPBET Қазақстан Чемпионатының 3-турының үздіктер құрамасында.

◉ Орталық қорғаушылар: Александр Симчевич

«Ордабасының» қорғаныстағы ойыншысы Александр Симчевич екінші рет қатарынан сапалы ойын өткізді. Сербиялық қорғаушы 85% күресті жеңіп, 6 рет допқа тосқауыл бола білді және 14 рет допқа күрессіз иелік етті. Футболшының пастарының дәлдігін айтпай өтуге болмайды – 111 пас діттеген жеріне жеткен (96% дәлдік). Іс-әрекеттер индексі – 285.

◉ Оң жақ жартылай қорғаушы: Еркебұлан Тұңғышбаев

Тұңғышбаев «Ақжайықпен» кездесуде ауысып шығып, шабуылдағы ойынды сапалы түрде арттырды. Ойыншының белсенділігі екі рет дриблинг жасап, бірі гол болған екі бірдей соққыдан кейін көрінді. Іс-әрекеттер индексі – 300.

◉ Шабуылшылар: Жоао Пауло

Шымкенттік ұжымның ең қауіпті ойыншысы оралдық «Ақжайыққа» қарсы ойында (2:1) әдеттегідей белсенді өнер көрсетті. Жоао соққыларды алыс қашықтықтан көптеп жасады, бірақ пенальтиден гол соға алды. Бразилиялық шабуылшы қарсылас қақпасына барлығы 9 соққы жасап, айып алаңына 7 пас бере білді.
Іс-әрекеттер индексі - 237.






comments powered by HyperComments

Матч-центр