Клуб жаңалықтары

07 Сәуір Жоао Пауло – «Ордабасының» екінші сұрмергені Жоао Пауло – «Ордабасының» екінші сұрмергені
«Ордабасының» 32 жасар бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло «Ақжайыққа» қарсы ойында (2:1) гол соғып, шымкенттік клуб тарихындағы екінші үздік сұрмерген атанды. 

Жоао Пауло «Ордабасы» сапында 2019-жылдың 9 наурызында, Шымкентте «Шахтерға» қарсы ойында (3:0) дебют жасаған. Сол ойында негізгі құрамда шыққан ол, дубль авторы атанды. Биылғы маусым шымкенттік командадағы үшінші маусымы болып табылады. Қазіргі таңда 53 ойын өткізіп, 28 гол соққан. «Ақжайық» қақпасына екінші голды соққан Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасының» ТОП-6 сұрмергенінің қатарына енді.

«Ордабасының» Премьер-Лигадағы үздік сұрмергендері (1999-2021 ж.):

1. Дәуренбек Тәжімбетов – 32 гол (133 ойын);
2. Жоао Пауло – 28 гол (53 ойын);
3. Азат Нұрғалиев – 28 гол (204 ойын);
4. Александр Крохмаль – 24 гол (67 ойын);
5. Таңат Нөсербаев – 22 гол (121 ойын);
6. Еркебұлан Тұңғышбаев – 22 гол (141 ойын);
7. Абдуллай Диакате – 22 гол (164 ойын).






comments powered by HyperComments

Матч-центр