Клуб жаңалықтары

06 Сәуір Самат Шәмші: «Біз соңына дейін күрестік және лайықты түрде жеңіске жеттік» Самат Шәмші: «Біз соңына дейін күрестік және лайықты түрде жеңіске жеттік»
«Көкшіл-ақтардың» жартылай қорғаушысы «Ордабасы» - «Ақжайық» 2:1 кездесуі жайлы ойымен бөлісті

- Бүгінгі ойын оңайға соқпады, басымдылық бізде болса да, алғаш болып гол өткізіп алдық. Қарсылас қорғаныспен ойнап, толығымен дерлік өзінің алаңында ойнады. Бірақ біз өзіміздің күшімізге сенімді болдық және ысқырық шалынғанша жетістікке сендік. Біз соңына дейін күрестік және лайықты түрде жеңіске жеттік. Бүгінгі матчта бізге ыстық ықыласын білдіретін жанкүйерлердің болмағаны өкінішті, олар жақын уақытта стадионға оралып, бізге қолдау білдіреді деп сенемін.






comments powered by HyperComments

Матч-центр