Клуб жаңалықтары

05 Сәуір Александр Седнев: «Біз бұл жеңісті дұрыс қабылдап, белгілі бір тұжырымдар жасаймыз деп сенемін» Александр Седнев: «Біз бұл жеңісті дұрыс қабылдап, белгілі бір тұжырымдар жасаймыз деп сенемін»
Шымкенттіктердің бас бапкері «Ордабасы» - «Ақжайық» 2:1 ойынына пікір білдірді

- Ең жақсысы бұл есеп, меніңше, біз жеңіске лайық болдық. Біз өте көп шайқалдық және осы біздің мәселемізге айналды. Біз бірінші ойынымызда да өте көп шайқалдық, өкінішке орай біз алғаш рет осындай матч бойы жалғасқан позициялық шабуылға тап болдық. Мүмкін, алаңда болып жатқан жағдайдың барлығын дерлік дұрыс қабылдамаған шығармыз. Өзіміздің ерте ме, кеш пе гол соғатынымызға өте сенімді болғанымыздың кесірінен бүгін біз өз қақпамызға гол соғып, жазаландық. Кездесудің соңында уақыттың тез өтіп жатқанын түсініп, ойынды құтқару үшін жылдамдықты қоса түстік. Мен алаңға ауысып шыққан футболшыларға алғыс айтамын, біз қысымды күшейттік, ал қарсылас болса өздеріне қарсы ойнап, уақытта соза бастады. Өкінішке орай, біз бүгін бос стадионда ойнадық, жанкүйерлеріміздің қолдауымен өнер көрсетуді қалаймыз, бұл жайт бәрібірде матчқа әсер етеді. Біз бұл жеңісті дұрыс қабылдап, белгілі бір тұжырымдар жасаймыз деп сенемін. Бүгінгі жеңіс ащылау келді, сол себепті бұның барлығын түсінуіміз қажет.
Мен өзімнің футболшыларыма жеңіске сенгендері үшін рахмет айтамын. Бір айтарым, біз дүрбелең салмай, жоспар бойынша осындай қысым көрсетіп, ойын тағдырын шешуге тырыстық. Бірақ мен мұндай сценарийдың тағы да қайталанғанын қаламаймын.






comments powered by HyperComments

Матч-центр