Клуб жаңалықтары

5 сәуірде 3 тур қарсаңында «Ордабасы» өз алаңында оралдық «Ақжайықты» қабылдайды. Ойын Шымкентте, Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтеді.
Ойынның басталуы - 17:00
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша, карантин уақыты кезіндегі санитарлық нормалардың сақталу ережесіне орай кездесу жанкүйерлерсіз өтеді.
Жанкүйерлер ойынды жаңа телеарна - Q SPORT EXTRA-ның тікелей эфирінде көре алады. (Alma TV, ID TV, Bee TV)
Матч сонымен қатар ҚКФЛ сайтында да тікелей эфирде көрсетіледі.