Клуб жаңалықтары

23 Наурыз Шайзада, Симчевич және Жоао Пауло 2-турдың үздіктер құрамасында Шайзада, Симчевич және Жоао Пауло 2-турдың үздіктер құрамасында
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Ордабасы» «Шахтерды» 2:0 есебімен жеңген 2-турдың үздіктер құрамасын жариялады. Бұл құрамға «Ордабасының» үш бірдей ойыншысы енген.

◉ Қақпашы: Бекхан Шайзада

«Ордабасының» жас қақпашысы өткен турда 4 қауіпті соққыны қайтарып, 2 суперсейвпен және 4 мәрте қақпадан сәтті шығып ойнауымен көзге түсіп, қақпасын «құрғақ» ұстады. Қақпашының ойыны қорғаушылардың сенімділігін арттыра түскен еді.
Іс-әрекеттер индексі - 276 ұпайды құрайды.

◉ Орталық қорғаушылар: Александр Симчевич

Шымкенттік команданың тәжірибелі орталық қорғаушысы «Шахтерге» қарсы ойында жақсы нәтижеге қол жеткізуге себепкер болған ойыншылардың бірі болып табылады. Сербиялықтың күтпеген жерден шабуылға араласуы «кеншілердің» қорғанысын тығырыққа тіреді, нәтижесінде кездесудің алғашқы голы соғылды. Сонымен қатар Симчевич қорғаныста 77% күресті жеңіп, 88% дәл пас берген.
Іс-әрекеттер индексі - 331 ұпай.

◉ Шабуылшылар: Жоао Пауло

Қазіргі «Ордабасыны» Жоао Паулосыз елестету мүмкін емес. Шымкенттік команданың барлық қауіпті шабуылы Жоаоның қатысуымен өтеді. Өткен турда 32 жасар бразилиялық гол соға алмаса да, қарсыластың қорғанысына біршама қиындықтар алып келді. Ол қақпаға 7 соққы бағыттап, соның үшеуі өз діттеген мақсатына жеткен, онымен қоймай ойыншы 3 шабуылды өрбітетін пас берген.
Іс-әрекеттер индексі - 267 ұпай.





comments powered by HyperComments

Матч-центр