Клуб жаңалықтары

22 Наурыз «Бала кезімнен «Барселона» жанкүйерімін. Гризманн мен Дембелеге қарсы ойнайтыныма сене алар емеспін» «Бала кезімнен «Барселона» жанкүйерімін. Гризманн мен Дембелеге қарсы ойнайтыныма сене алар емеспін»
«Ордабасының» ойыншысы Эльхан Астанов берген сұқбатында ұлттық құрамаға шақыртылғандағы эмоциясымен бөлісіп, «Шахтерға» қарсы ойын және өзінің «Қайраттағы» ағасы Сұлтанбек Астанов жайлы айтты. 

- Маусымды жеңіспен бастау қаншалықты маңызды болды?
- Алдымен, барлығын жаңа маусымның басталуымен, ал жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтағым келеді! Жеңіске жету өте маңызды болды. Басқа командалар өз кездесулерін өткізді, ал біз ауа-райына байланысты «Қызыл-Жармен» ойынды өткіздік. Маған негізгі құрамда шығуға мүмкіндік берген бапкерлік штабқа мың алғыс!

- Матчта Талғат Байсуфинов та болды. Қобалжыдың ба?
- Аздап толқыдым, бірақ жігіттеп мен бапкерлік штаб мені қолдады. Бұл маған өз септігін тигізді.

- Жасөспірім, жастар құрамасында болдың, ал қазір ұлттық құрамадасың. Қандай сезімді бастан өткерудесің?
- Өзім де, ата-анам да өте қатты қуанды. Мен үшін күтпеген жайт болғаны рас. Бұл туралы маған алғаш болып клуб президенті айтқан еді.

- Бірінші ойын бірден Франция командасымен болмақ. Олардың арасында сенің сүйікті ойыншың барма?
- Маған әрқашан Мбаппенің ойыны ұнайтын. Мен бала кезімнен «Барселона» жанкүйерімін, олардың ойындарын жиі қараймын. Гризманн мен Дембеленің келетініне сене алар емеспін. Қазір менде оларға қарсы ойнауға мүмкіндік бар. Тіпті бір минутқа ғана шықсам да, мен үшін бұл үлкен тәжірибе болады.

- Футболшылардың бірімен жейде ауыстыру ойыңда барма?
- Әрине бар! Бірінші кезекте, бұл Гризманн. Егер қолымнан келмесе, басқасынан сұрармын. Алда көре жатармыз.

- «Қайратта» сенің ағаң – Сұлтанбек өнер көрсетеді. Футболға қалай келгендеріңді айтып берші.
- Біз футболды Шымкенттегі облыстық мектепте бірге бастадық. Кейін мені 2000-жылға дейінгі, ал оны 1999-жылға дейінгі «Ордабасы» командаларына бөлді. 2016 жылы ол «Қайрат» сапына ауысты.

- Өмір бойы бірге ойнап келе жатып, ол кетіп қалғанда қайғырмадың ба?
- Барлығы өз қалпында болды. Әрине, егер шақырып жатса бару қажет. Баршамыз оны қолдадық. Алғашқы кезде оған ыңғайсыз болып, кейін қайтқысы келді. Алайда уақыт өте келе ол барлық қиындықтарға қарсы тұра алды.

- Оған қарсы ойнаған алғашқы кездесуің есіңде ме?
- Екеуіміздің бір-бірімізге қарсы ойнаған алғашқы матч облыстық мектеп кезінде болды. Мен ол кезде қорғаныста, ал ол шабуылда ойнады. Біз бір-бірімізге қарап күлкіміз келді. Ал сосын өткен жылы бірден ҚПЛ-да қарсы тұрдық. Ата-анамыз біз үшін өте қуанышты болды. Сол кезде «Қайрат» 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді, мен алаңға бастапқы құрамда, ал Сұлтанбек екінші таймда шықты.

- Сұлтанбек сенен несімен ерекшеленеді немесе керісінше сен одан қалай ерекшеленесің?
- Бізде ондай жоқ. Ол менің ойынымды қалай жақсы көрсе, менде солай оның ойнағанын жақсы көремін. Біз әрқашан бір-бірімізге қолдау көрсетеміз.

- Онымен бірге жастар құрамасында ойнау қалай болды?
- Алғаш рет біз Израильға қарсы ойнадық (2:1). Сол кезде мен тіпті гол соқтым, ал ол болса маған келіп, мені құттықтады.

- «Ордабасының» негізгі командасына сен өткен жылдан бері шақырту алудасың. Алғашқы сезімің қандай болды?
- Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұған дейін тек Екінші лигада ойнадым және негізгі команданың ойындарын тек көрермен ретінде тамашалайтынмын. Кейіннен, негізгі командаға шақыра бастады. Диакате мені әр уақытта да қолдады. Басқа жігіттер де маған қолдау көрсетті, біздің ұжым өте ұйымшыл.

- Александр Седнев командаға қандай өзгерістер алып келді?
- Александр Седневтың жаттығулары өте қызықты болып өтеді. Маған оның тактикасы ұнайды.

- Команданың және сенің қандай мақсаттарың бар?
- Біздің мақсат – үздік үштіктің қатарына ену, еурокубоктік ойындарға жолдама алу. Менің мақсатым – алғашқы голымды соғу. Командада үшінші маусым қатарынан ойнап келемін, голдар есебін ашқым келеді.

- Голыңды қалай тойлайтыныңды ойлап таптың ба?
- Жоқ, ол жерде жағдайға байланысты болады. Эмоциялар не десе, солай болмақ.

- Қазір көптеген жастар шетел асып кетуге асығады. Сенде мұндай мүмкіндіктер болды ма?
- Әзірге жоқ. Мен енді ғана ҚПЛ-дың деңгейін түсініп келемін. Менде «Ордабасымен» келісім-шарт бар. Әрине, барлығы Еуропада өнер көрсеткісі келеді, бұл басқа деңгей. Алда көре жатармыз.

Сейіл Қожатай






comments powered by HyperComments

Матч-центр