Клуб жаңалықтары

20 Наурыз Александр Симчевич: «Барлығы бұның маусымдағы алғашқы маңызды ойын екенін түсінді Александр Симчевич: «Барлығы бұның маусымдағы алғашқы маңызды ойын екенін түсінді
Бірінші голдың авторы «Шахтер» – «Ордабасы» 0:2 ойынына пікір білдірді

- Бірінші турды біз ауа-райына байланысты өткізіп алдық, ресми ойындарды ойнамағанымызға көп болғандықтан, бүгінгі ойынның алдында толқу болды. Осы маусымдағы алғашқы голға келер болсақ, ол кезде мен сәтті өнер көрсеттім, Бриджидо алдыға қарай жылжып, Жоаодан пас күтті, барлығы ойдағыдай аяқталды. Мен команданы алға шығарғаныма қуаныштымын, сол үшін де әріптестеріме алғыс айтамын. Біз бапкердің берген нұсқауларын мүлтіксіз орындап, лайықты түрде оң нәтижеге қол жеткіздік деп ойлаймын.






comments powered by HyperComments

Матч-центр