Клуб жаңалықтары

20 Наурыз Александр Седнев: «Мен нәтижеге ойынымыздың сапасымен де қол жеткіземіз деген ойдамын» Александр Седнев: «Мен нәтижеге ойынымыздың сапасымен де қол жеткіземіз деген ойдамын»
Шымкенттік клубтың бас бапкері «Шахтер» – «Ордабасы» 0:2 ойынына пікір білдірді: 

– Алдымен барлық футболшыларды, клуб жұмысшыларын және ең бастысы біздің жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтағым келеді. Қазіргі таңда ойындардың жанкүйерсіз өтетініне қарамастан, біз олардың қолдауларын сезіндік және көбісінің біз үшін алаңдайтынын білдік. Алғашқы ойын болған соң, біз сәл-пәл қобалжыдық. Кездесу басында доп үшін күрес өте көп болды, бірақ біздің ойыншыларымыз матч барысында тынышталып, ұтымды түрде жұмыс істей бастады. Біз қарсыласқа қарағанда ширақ қимылдадық. Бұл алғашқы ойын болғандықтан, әрқашан толғандырады және өте қарқынды болады, мен нәтижеге ойынымыздың сапасымен де қол жеткіземіз деген ойдамын. Қазір чемпионатта үзіліс орнап, клубымыздың біршама ойыншысы ұлттық құрамаларының сапында өнер көрсететін болады, біз жұмыс істеп, біріншіліктің келесі бөліміне дайындалатын боламыз. Келесі ойынды үйде өткіземіз және ол тағы да маңызды әрі толқынысқа толы болмақ.






comments powered by HyperComments

Матч-центр