Клуб жаңалықтары

13 Наурыз Ертең «Қызыл-Жармен» ойын! Ертең «Қызыл-Жармен» ойын!
Матч 14 наурызда, сағат - 15:00-де, Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтетін болады. 

Қазақстан чемпионатында қарсыластар өзара 7 кездесу өткізген. «Ордабасы» 6 ойында жеңіске жеткен және 1 кездесу тең есеппен аяқталған.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша стадионның жалпы сыйымдылығы есепке алынып, жанкүйерлердің 30%-ы барлық санитарлық нормалардың сақталуымен ойынға кіргізіледі.

Матч билеттерін Қажымұқан атындағы Орталық стадионның кассаларынан сатып ала аласыздар.
ҚКФЛ матчтарын өткізу хаттамасына сәйкес, билеттерді сату ойынның басталуына үш сағат қалғанда тоқтатылады.

Жанкүйерлер ойынды тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан көре алады.






comments powered by HyperComments

Матч-центр