Клуб жаңалықтары

Еркебұлан шымкенттік футболдың тәрбиеленушісі болып табылады, кәсіби футболда алғаш рет «Ордабасымен» еңбек-шартына отырған. Кейін 2019-жылдан бастап, екі жыл алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетті.
Премьер-Лигада барлығы - 171 ойын өткізіп, 22 гол соғып, 20 нәтижелі пас берген.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 10 кездесу өткізіп, 1 голмен көзге түскен.
«Қайратпен» бірге ел біріншілігінің чемпионы және вице-чемпионы атанған (2020, 2019), сонымен қатар «Ордабасы» сапында қола жүлдегер атанған (2017).
⦿ Құжаттама: Еркебұлан Тұңғышбаев
Туған күні: 1995 жыл, 14 қаңтар (26 жас)
Алаңдағы рөлі: Жартылай-қорғаушы
Азаматтығы: Қазақстан