Клуб жаңалықтары

22 Ақпан «Ордабасының» Түркиядағы жиынындағы жаңалықтары «Ордабасының» Түркиядағы жиынындағы жаңалықтары

Махлангудың мәселесінің шешімі жайлы
Бірден айтып өтетін жайт, оңтүстікафрикалық жартылай-қорғаушы Май Махлангудың клубпен әлі бір жылдық келісімшарты бар. Бірақ қазір Түркия пандемияға байланысты өз аумағына көптеген мемлекет өкілдерін кіргізбейді және өкінішке орай бұл тізімге ОАР-да кіреді. Сол себепті Махлангу қазіргі сәтте шымкенттік клуб сапына қосыла алмайды. Клуб басшылығы мен ойыншының өкілдері футболшының жақын арада командаға қосылуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Бадибанга енді «Ордабасы» сапында ойнамайды.
Зиги Бадибанганың шымкенттік клубпен келісімшарты өткен маусым соңында аяқталды. Басшылық пен бапкерлік штаб бельгиялық жартылай-қорғаушымен келісімшарт мерзімін ұзартудан бас тартты. Жаңа маусымда бұл позицияда қазақстандық төлқұжаты бар футболшы өнер көрсетеді деп жоспарланған.






comments powered by HyperComments

Матч-центр