Клуб жаңалықтары

21 Ақпан Александр Седнев: “Ойынымыздың жалпы сапасын арттыруға тырысамыз” Александр Седнев: “Ойынымыздың жалпы сапасын арттыруға тырысамыз”
«Ордабасының» бас бапкері Қазақстанға оралу, команданы нығайту және маусымға деген тапсырмалар жайлы айтты 

- Александр Сергейұлы, Қазақстанға оралуыңызбен! Жай-күйіңіз қандай?
- Рахмет! Маған тек жақсы әсер қалдырған елге қуана оралдым. «Ақтөбемен» екі жылдық жұмыс тәжірибем болдым. Клубтың, қала мен елдің мені қалай қабылдағанын барша бапкерге тілер едім. Болған қиындықтарға қарамастан, бізге байланысты болған барлық қолдан келген шараны жасадық.

- Беларусьтік БАҚ сізді «Тобыл» немесе «Шахтерды» баптауыңыз мүмкін деп жазды.
- БАҚ-ты онша оқымаймын. Менің тарапымнан бұндай сұрақтарға жауап беру дұрыс емес. Тіпті бірер әңгімелер болса да, мұның өз бағамымды көтеру мақсатында айтты деп қабылдағанын қаламаймын.

- Маусымға дайындық қалай өтуде?
- Жоспар бойынша өтіп жатыр. Қорытындылар ойындар сайын ғана емес, әрбір жаттығу сайын да жасалады. Біз ойыншылардың мүмкіндіктерімен танысамыз. Әзірге бұл іс бойынша олардың қарым-қатынасы мен ойын сапасы ғана позитивті әсер береді. Менің ойымша, әр матч сайын, ойын сапасының динамикасы біз қалағандай тез болмаса да, жетіліп келе жатқаны бақылануда.

- Құрам жайлы не айтасыз? Қандай позицияларды күшейту қажет?
- Көптеген ойыншылардың келісімшарттары бар. Әрдайым әрбір позицияны күшейткіміз келеді әрине, бірақ біз қолда барымызды қанағат етеміз. Қазір құрамды қамтамасыз етудің соңғы кезеңі өтіп жатыр. Ойыншыларымыздың мүмкіндеріне толықтай көз жеткізгіміз келеді. Мүмкін бір немесе көп дегенде екі позицияны ғана күшейту бақталастыққа емес, нұсқалардың көп болуына талап етілер.

- Жаңғылышбайдың жарақаты қаншалықты ауыр?
- Жарақат ауыр. Бұл жеке мен үшін өте қиын жағдай. Маған бұл ойыншы алғашқы танысқаннан-ақ ұнаған еді. Бұл өте үлкен соққы.

- Самат Смақов «Ақтөбеде» сіздің басшыңыз еді, ал қазір ол сіздің көмекшіңіз.
- Бұл мені толықтыратын адам. Менің көмекшілерім мені көшірмелемейді, толықтырады. Самат Қабирұлы мені маған жетіспейтін қасиеттермен толықтырады деп сенемін.

- БАҚ өкілдері клубтың Сейду Думбияға қызыққаны жайлы жазған еді.
- Мен бұл туралы ештеңе білмеймін. Бұл сұрақтар негізінде басшылыққа қойылу керек шығар, ал жеке өзім қызықпадым.

- Командаға қандай тапсырмалар жүктелген?
- Олар әзірге соңына дейін реттелмеген. Бірақ қазірдің өзінде біздің турнир кестесінде алдыңғы шептегі орындарға таласып, ойын сапасын арттыратынымыз түсінікті.

- «Ақтөбеде» сіз тек жергілікті ойыншылармен ойын құрдыңыз. Жастарға сенуді ары қарай да жалғастырасыз ба?
- Мен команданы сол кездегі жағдайларға байланысты жергілікті ойыншылардан құрдым. Мен жастарға сенгенмін және сенемін, бірақ тек олар маған мүмкіндік беруі қажет.

- Алғашқы ОЖЖ-да БЖМОРСМ, «Оңтүстік», «Мақтаарал» командаларының жас ойыншылары қаралымнан өткен болатын, алайда олардың көбісі жиын аяқталғанда кетіп қалды. Неліктен?
- Олардың қазіргі деңгейі команданың талаптарына сай болмағандықтар бізге тура келмеді. Бірақ бұл ол ойыншылардың болашағы жоқ дегенді білдірмейді. Біріне қатаю, ал біріне тәжірибе жинақтау қажет. Әрқайсысының өз себептері бар. Сенім берген әр ойыншы ешқашан назардан тыс қалмайды.

- Сіздің баптауыңызбен Асланбек Кәкімов «Ақтөбе» сапында және Владислав Васильев «Рух» сапында үздік маусымдарын өткізген болатын. Қазір олар команданы күшейтер ме еді? Оларды «Ордабасыда» күткеніміз жөн бе?
- Мен әрбір ойыншы жайлы жеке айтқым келмейді. Мен баптаған клубтарымда көптеген сапалы ойыншылармен жұмыс жасадым. Мен ойыншылардың ауысуына жауап беретін агент немесе таңдаушы емеспін ғой. Мен басшылық қойған талаптарды орындайтын бапкермін. Егер клубта бұл ойыншыларды командаға пайдалы деп санаса, мен қасиеттерімен жақын таныс ойыншылармен қуана-қуана жұмыс істеуге дайынмын.

– Команда сапында бір жыл бойы бірінші нөмірлі қақпашы атана алмай жүрген Бекхан Шайзада жайлы не айтасыз?
– Өткен шақта не болғанын айту қажет емес деп білемін. Менің қазіргі білуімше, Бекхан мені тек жақсы әсерлерге бөлейді. Мен олардың бақталастықтарын жақсы деп ойлаймын және біз тек ең мықты қақпашыға ғана емес, қосымша сенім қажет ойыншыға да мүмкіндік береміз деген сенімдемін.

– Осы жылы «Ақжайық» пен «Арыс» қосылды. ҚПЛ-да 14 команда өнер көрсететініне қалай қарайсыз?
– Мен өте қуаныштымын. Егерде барлық командалар бәсекеге қабілетті болатын болса, екі есе қуанатыным сөзсіз.






comments powered by HyperComments

Матч-центр