Клуб жаңалықтары

20 Ақпан Александр Седнев: «Біз қазір көптеген ойыншылардың профильдік позицияларын өзгертудеміз» Александр Седнев: «Біз қазір көптеген ойыншылардың профильдік позицияларын өзгертудеміз»
Шымкенттіктердің бас бапкері «Ордабасы» - «Динамо» Батуми 4:2 жолдастық ойынының қорытындысына өз пікірін білдірді

- Біз жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз, бізге тағы бір жақсы қарсылас төтеп берді. Біз бұған дейін ойнаған барлық 4 команданың әртүрлі ойын стильдері мен дайындықтары бар. Сол себепті бізге бүгін оңай болған жоқ, оған қоса, матч бойы өте қатты жел болып, командалардың біріне өз көмегін тигізді. Жедел түрде 3 гол соғу қолымыздан келді, тағы да бір анықтап айтарым, біз тағы да күдікті пенальти алып қалдық. Осыдан кейін командада кішігірім қиыншылықтар туындады және біз соғылған голға лайықты әрекет жасамадық, ол әрине маған ұнамады, соның салдарынан біз екінші голды да жіберіп алдық. Бірақ бәрібір де біздің футболшыларымыз жарады, кездесу біздің оқу-жаттығу жиынындағыдай өте қиын жүктемелі деңгейде өтсе де, ойыншыларымыз допты иелікте ұстауға күш тапты. Матч соңында ойынды тыныштандыратын және бүкіл сұраққа жауап берген голды соқтық. Біз төртінші голды жас футболшымыз Султаниязов соққанына қуаныштымыз, ол аралық қорытындылаудың кезінде мүмкін емес нәрсе жоқ екенін дәлелдеді. Жеңіске және ойыншылардың іске деген көзқарасына өте қуаныштымыз, қиын болғаны сөзсіз, олар психологиялық және физикалық ауыртпалықтардан өтті. Бірақ біз қазіргі сәтте көрсете алатын барлық күш-жігерімізбен ойнадық. Біз қазір көптеген ойыншылардың профильдік позицияларын өзгертудеміз. Бұл басқа да ойыншылардың сол позицияда қалай ойнайтындығын тексеру үшін емес. Біріншіден, біз ойыншыға оның позициясын қателіктерді көп жібермес үшін басқа жағынан көрсеткіміз келеді. Біз футболшыларымыздың әмбебап ойыншыларға айналуын қалаймыз. Кездесулер - бізге ойыншылардың демалыстан кейінгі функционалды жағдайын қалыпқа келтіруге көмектесетін бірден-бір нәрсе. Бізде әлі ол біраз үшін уақыт бар. Күн сайын біз әрқайсысының функционалды жағдайын бақылап отырамыз. Олардың матч барысындағы реакциясына қарап, бір жағынан ойынды ұйымдастырумен айналысамыз. Ойын мәнерлерін өзгертіп көрудеміз және оған ойышылардың қалай үйренісетінін бақылаудамыз.






comments powered by HyperComments

Матч-центр