Клуб жаңалықтары

13 Ақпан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабы «Ордабасының» жаттығуына келіп қайтты Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабы «Ордабасының» жаттығуына келіп қайтты
Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов өзінің көмекшілерімен бірге елдегі басты команданың ойыншыларының физикалық жағдайы туралы мәліметтер базасын құру мақсатында, ҚПЛ клубтарының ішінде ең алғаш болып шымкенттік команданың футболшыларын тестілеуден өткізді

Ойыншыларға тест жүргізу жайлы ұлттық құраманың аналитик-бапкері Павел Черепанов айта өтті:

- Бүгінгі іс-шараның тапсырмасы – бұл осы кезеңдегі дайындықта ойыншылардың жылдамдықтары мен күшке төзімділіктерін бақылау. Сол үшін де бастапқы нәтижелерді білу маңызды. Себебі, болашақта ойыншылар ұлттық құрама қарамағына келген сәтте, біз олардың көрсеткіштерін білетін боламыз. Ұлттық құрамаға шақырылуға үміткер ойыншыларға тестілеу міндетті түрде ары қарай жалғасатын болады. Барлық көрсеткіштерің динамикасын көрсету маңызды. Иә, бәлкім бұл кезеңдегі сандар жақсы да емес шығар, бірақ біз бұның тек дайындықтың бастамасы екенін білеміз. Олар әлі де өсетініне шүбәм жоқ. Ең жағымдысы – ол ойыншылардың бүгінгі күні өздері ие мүмкіндіктерінің барлығын жүз пайызға көрсетуі. Біз «Ордабасының» алғашқы команда болып тестілеуден өткеніне қуаныштымыз. Бұл Қазақстан футбол федерациясы мен бас бапкер Талғат Маруаұлының жеке бастамасы екенін айтып өткім келеді. Қазір біз ойыншылардың шеберлік деңгейі мен дайындығын бақылап отыру үшін, Қазақстанның барлық футболшыларына арналған банк ашқымыз келеді. Біз U-17, U-18, U-21 командаларынан ұлттық құрамаға дейін сабақтастылық болғанын қалаймыз. Бұндай іс-шараны біз көптеген жылдардан бері алғаш рет ұйымдастырудамыз және бұл ұлттық құрамаға ғана емес, клубтардың өздеріне де пайдалы болады деп сенеміз.
Қазіргі сәтте «Қайраттан» басқа барлық клубтар бұл бастамаға қолдау білдірді. «Ордабасы» - біздің кеңейтілген тізімдегі бірінші команда болғаны клуб басшылығына алғысымызды білдіреміз.






comments powered by HyperComments

Матч-центр