Клуб жаңалықтары

11 Ақпан Александр Седнев: «Біз Тұңғышбаевты жарақат алып қалмауы үшін алмастырдық» Александр Седнев: «Біз Тұңғышбаевты жарақат алып қалмауы үшін алмастырдық»
Шымкенттіктердің бас бапкері «Аланияға» қарсы матчта Еркебұлан Тұңғышбаевтың мерзімінен бұрын ауыстырылуының себебі туралы айтты

- Ауыстыру оның қазіргі функционалды жай-күйіне байланысты, біздің аналитикалық құрам ойыншының физикалық жағдайын нақты уақыт режимінде бақылайды. Ойыншы осы кезеңде біз қалағандай қалпына келтіруді тоқтатқан жағдайда, жарақат алу қаупі күрт артады. Біздің бұлай жасауға дәтіміз бармайды, сондықтан ойыншыны жарақат алып қалмас үшін ауыстырдық және бұндай ауысымдардың бірнешеуі болғанын айтып өткен жөн. Екінші таймдағы алмастыруларға келетін болсақ, біз осы оқу-жаттығу жиынында жүрген жас жігіттердің негізгі құрамда ойнағанын қаладық, бұл болашақта оларға қажетті серпін беретіні сөзсіз.






comments powered by HyperComments

Матч-центр