Клуб жаңалықтары

11 Ақпан Чиди Осучукву «Ордабасының» қаралымында Чиди Осучукву «Ордабасының» қаралымында

27 жасар тіреуші жартылай-қорғаушының кәсіби мансабындағы алғашқы клубы нигериялық «Гейтвей» болған. 2010 жылы жартылай-қорғаушы танымалдылығы көптеу «Долфинсқа» ауысып, Нигерия чемпионы атанады.
Өзінің чемпиондық маусымын өте жақсы өткізген жартылай-қорғаушы португалдық «Брагаға» ауысады. 2017 жылы Чиди бресттік «Динамомен» келісімшартқа отырады. Ал 2019 жылы, дәл сол Брест қаласының тағы бір командасы «Рухқа» ауысады. Келесі жылы ФНЛ-де өнер көрсететін «Том» клубының ойыншысы атанады.
Ол 2011-жылғы Нигерия, 2019-жылғы Беларусь чемпионы, 2016/17, 2017/18 маусымдардағы Беларусь Кубогының және 2019-жылғы Беларусь Суперкубогының жеңімпазы болып табылады.

#Анталья2021






comments powered by HyperComments

Матч-центр