Клуб жаңалықтары

11 Ақпан Александр Седнев: «Біз дұрыс бағытта жылжып келе жатқанымызға және эйфорияға берілмейтіндігімізге де қуаныштымыз» Александр Седнев: «Біз дұрыс бағытта жылжып келе жатқанымызға және эйфорияға берілмейтіндігімізге де қуаныштымыз»
«Ордабасы» бас бапкерінің «Аланиямен» болған ойынға пікірі:

- Біз қорытынды есепке және жеңіске жеткенімізге ризамыз. Біз дұрыс бағытта жылжып келе жатқанымызға және эйфорияға берілмейтіндігімізге де қуаныштымыз. Біз тек жолдың басындамыз, ойыншыларымыз жаттығуларда ғана емес, ойындарда да өз жұмыстарына адал түрде қарайды. Біз әртүрлі нұсқаларды қарастырып, ойыншыларға ойын арқылы өз қалыптарына келулеріне мүмкіндік берумен ойынымызды түзей алдық. Ойыншылардың бапкерлік штаб берген барлық ұсыныстарды қуана қабылдайтынына біз дән ризамыз. Қайталап айтамын, біз ойыншыларды алдағы ойындарға дайындамаймыз, себебі футболшыларымыз онсызда көп жаттығады. Бізге бүгін, өткен қарсыласқа қарағанда ойын мәнері басқаша команда қарсы тұрды. Ойыншылар бұған өте салмақты түрде қарады және біз қарсыластың қателіктерін пайдалана алдық. Біз шабуылда өзімізді еркін сезініп, теке-тірес ойында да жақсы өнер көрсете алдық. Бірақ бұның тек жаттығу ойыны екенін ескеруіміз қажет, біз жаттығуды ары қарай жалғастырып, тиімді нұсқаларды қарастырамыз. Ойыншыларымызды физикалық тұрғыдан ретке келтіріп, әр ойын сайын барлығымыз тек жақсы жаққа қарай жылжитынымызға сенеміз.






comments powered by HyperComments

Матч-центр