Клуб жаңалықтары

«Алания» – Владикавказ елді мекенінен шыққан ресейлік кәсіпқой футбол клуб.
2020/2021-маусымда ФНЛ чемпионатында өнер көрсетеді. Қазіргі сәтте турнир кестесінде 5-орынға тұрақтаған.
1995-жылғы Ресей чемпионы және екі дүркін күміс жүлдегері (1992 мен 1996 жылдар). 2010/2011-маусымдағы Ресей Кубогының финалисті.
Команданың бас бапкері ресейлік маман - Спартак Гогниев.
Қарсыластың соңғы жолдастық ойындары:
2021-жылдың 6-ақпаны. «Алания» - «Ақтөбе» 4:3
2021-жылдың 6-ақпаны. «Алания» - «Оренбург» (Ресей) 0:0
2021-жылдың 29-қаңтары. «Алания» - «Қызылқұм» (Өзбекстан) 1:0
2021-жылдың 21-қаңтары. «Алания» — «Напредак» (Сербия) 1:0
2021-жылдың 21-қаңтары. «Алания» — «Раднички» (Сербия) 5:3
Матч 10-ақпанда сағат - 20:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) «Limak» алаңында өтетін болады. Белек, Түркия.
Тікелей эфир клубтың YouTube желісіндегі ресми арнасында жоспарланған: FC ORDABASY-TV
https://youtube.com/channel/UCeybxIQ2AKw5Wis0iLc9IsQ
#ОрдабасыАлания #УТСАнталья2021