Language:

Строка для обьявлений 2

SDadad

Іздеу

PREVIEW: "Ордабасы" - "Атырау"

  • Share this:
PREVIEW: "Ордабасы" - "Атырау"

2024-09-13 11.03.08-1

«Мұнайшылар» биыл топ-клубтар үшін үлкен мәселе. Олар «Ақтөбеден», «Елімайдан» және «Тобылдан» сырт алаңда ұпай алып үлгерді, сонымен қатар өз алаңында «Астананы» ұтты. Айта кетейік, клуб 2024 жылғы Қазақстан кубогының финалына шықты, онда Жуковский шәкірттері «Ақтөбемен» ойнайды.

 

Кирилл Кекер: «Соңғы жылдары «Атырау» қайтпас, шайқасқа дайын команда болды, команданың ерекшелігі ол қорғаныста ұйымдасқан ойыны және қорғаныстан шабуылға жылдам өтулері. Олар стандарттық жағдайларды жақсы пайдаланады, себебі олардың құрамында екінші қабатта ойнай алатын және сол стандарттарды жақсы орындайтын ойыншылар бар.»

 

Бұл ойын «Ордабасының» жаңа бас бапкері Кирилл Кекер үшін өз трибунасы алдындағы алғашқы ойын болмақҚызылордадағы жеңілістен кейін команда келесі ойында үш ұпай алып, чемпиондық жолды жалғастыруға бел буған. Команданың бас бапкерінің алдағы кездесуі мен қарсыласы туралы ойлары.

 

Кирилл Кекер: «Біріншіден, біз өз алаңымызда ойнаймыз және жеңіске жетуге тырысамыз. Екіншіден, Бізде қанағаттанбағандық сезімі бар, одан бөлек бұл бізге және бізді әрқашан қолдайтын жанкүйерлеріміздің алдында өзімізді қалпына келтіруге мотивация!»


 

 

 

 

Шымкенттегі соңғы 5 ойын:

03.06.2023 Ордабасы 2-1 Атырау
01.10.2022 Ордабасы 2-0 Атырау
29.07.2022 Ордабасы 1-2 Атырау   
16.10.2021 Ордабасы 2-1 Атырау 
22.05.2019 Ордабасы 1-1 Атырау 

3 жеңіс – 1 тең ойын – 1 жеңіліс

 

 

Командадағы жаңалықтар

Сергей Малый «Шахтерге» қарсы ойында қызыл қағаз алғаны үшін дисквалификациясын өтеп, ойынға қайта оралады

 

Сағадат Тұрсынбай маусымның соңына дейін алаңға шықпайды

 

 

 

ААА
 

«ОРДАБАСЫ» ФК

Өздерінің ұлттық құрамаларына бізден 5 ойыншы шақырту алды. Олар Тағыберген, Әбікен, Малый, Исламхан және Игнатович. Қалған ойыншылар «Атыраумен» болатын ойындарға дайындалды. 

 

Кирилл Кекер команданың алдағы матчқа қалай дайындалып жатқанын былайша түсіндірді: «Біз өз идеяларымыз бен әзірлемелерімізді жаттығу үдерісінде жүзеге асыру үшін халықаралық үзілісті барынша пайдалануға тырыстық, өкінішке орай, бәрі әрқашан тегіс болған жоқ, бірнеше ойыншы ұлттық құрамаларда болды. Кейбір ойыншылар денсаулығына байланысты толық жұмыс істей алмады, бірақ бұл қиындықтарды біз әр мезгіл сайын бастан кешіреміз сол үшін де шешімінде табамыз.» 

 

Осы аралықта жаттықтырушылар штабы команданың резервтегі ойыншыларды көре алды. Біздің академиядан 9 футболшы оқу-жаттығу үдерісіне енгізілді. Олар 3:3  есебімен аяқталған «Оңтүстік академиясымен» болған жолдастық кездесуге қатысты. Кирилл Кекердің пікірі: «Толық оқу-жаттығу процесі үшін біз командаға 2005-2008 жылы туған 9 жас ойыншыны тарттық, ойыншылар Ордабасы Ж, QJ лигасының 2007, 2008 жылғы командаларының намысын қорғайды. Біздің жаттықтырушылар болашақта бірінші командаға ауысатын жастарға көңіл бөлуі керек. Олардың көпшілігі бірінші командамен бірінші рет жаттыққан және олар үшін бұл маңызды тәжірибе. Олар үшін бұл өздерін жақсы жағынан көрсетіп, жоғарғы деңгейдегі ойыншылармен өздерін салыстыруға мүмкіндік алуы. Менің ойымша, әрбір жас ойыншы үшін сенім маңызды, олар бірінші қадамды жасады, содан кейін бәрі өздеріне байланысты болады, біз өз кезегімізде оларды жіті қадағалайтын боламыз».

 

Статистика мен деректер

«Ордабасының» өз үйіндегі соңғы 5 ойыны:

25.08 Ордабасы 1:1 Ақтөбе

29.06 Ордабасы 2:1 Қайсар

01.06 Ордабасы 3:1 Жетісу

12.05 Ордабасы 1:0 Тобол

20.04 Ордабасы 1:1 Қызылжар

3 жеңіс – 2 тең ойын

 

«Атыраудың» сырт алаңдағы соңғы 5 ойыны

31.08 Тобол 1:1 Атырау
01.07 Туран 2:1 Атырау
15.06 Шахтер 0:3 Атырау 
02.06 Женис 0:1 Атырау 
04.05 Кайрат 1:0 Атырау 

2 жеңіс – 1 тең ойын – 2 жеңіліс

 

Үздік бомбардирлер 

ЯхшиСигневич

  Яхшибоев 7 гол  –  Сигневич 6 гол 

 

 

 

Голдық пас берушілер

Тагыстасевич
Тағыберген 4 голдық пас – Стасевич 3 голдық пас  

 

Қарсылас туралы

 

Қазіргі таңда Атырау командасы чемпионаттағы ең үздік қорғанысқа ие. Команда 16 ойын ішінде небәрі 11 гол ғана жіберіп алған. 

«Атырау» доптан айырылу бойынша лигадағы ең нашар көрсеткішті көрсетеді, орташа есеппен бір ойында 103.

«Атырау» алаңның үшінші бөлік жағына допты жеткізу бойынша лигада 6-шы орынға ие.

«Атырау» допты жарты жолдан тартып алу бойынша 3-ші орын, ал допқа тосқауыл қою бойынша 4-ші орын.

«Атырау» сирек ереже бұзады, сол себепті аз ереже бұзатындардың ішінде 2-ші орынды иеленеді.