n4MDACF-0Gs

Александр Седнев: «Біз бізге сеніп, қолдайтын жандардың алдында қарыздармыз»

Шымкенттіктердің бас бапкері «Ордабасы» – «Шахтер» 1:0 ойыны жайлы пікірін айтты

– Психологиялық қысымға толы өте ауыр матч. Өткен ойын командаға қатты әсер етті, біз бізге сеніп, қолдайтын жандардың алдында қарыздармыз. Бүгінгі ойында бар күшімізді салғымыз келді және жеңіске жету маңызды болды. Келесі кубоктік ойын бұдан да маңыздырақ, біз бұл үшін ұзақ жол жүрдік, мен кездесу белсенді және агрессивті өтеді деп үміттенемін, бірақ қарсылас оңай шағылатын жаңғақ емес. Бізге сенетіндер үшін барлығын жасауға тырысамыз, қазір бар ойымыз келесі матчта. Осы сәтті пайдалана отырып «Шымкент» әйелдер футбол клубын Қазақстан чемпионатында алтыннан алқа тағуларымен құттықтағым келеді, бұл біз үшін осындай мақсаттарға жетудің нұсқаулығы болмақ.

Comments are closed.