Новости клуба

13 августа «ОРДАБАСЫ» СЫРТ АЛАҢДА «ШАХТЕРДЕН» ЖЕҢІЛДІ.  «ОРДАБАСЫ» СЫРТ АЛАҢДА «ШАХТЕРДЕН» ЖЕҢІЛДІ.

«Шахтер» - «Ордабасы» 2-1 (0:0)

Гол салғандар : Нұрғалиев Азат 60 (0:1) , Габышев Михаил 62 (1:1) , Сзоке Юлиус 80 (2:1)

     Кеншілердің шабуылымен басталған матч қонақтарға қолайсыздық туғызды. Алғашқы соққыны  жасаған Хижниченко қақпашы Бекбаевтың осал жерін таба алмады. Кезекті шабуылды қапталдан бастаған Азат Нұрғалиев айып алаңындағы Йордановқа керемет пас шығарды. Алайда Йорданов оңтайлы сәтте қақпашыдан өте алмады. Бірінші кезең екі команданың текетіресімен өтті.

   Екінші тайм басталысымен Мардан Төлебек   Шацкий қорғаған қақпаға жойқын соққы жасады. Қақпашы мұндай соққылардың болатынын алдын ала білген сыңайлы. Ойынның 60-минутында Еркебұлан Тұңғышбаев оң қанаттан жылдам шабуыл бастады. Еркебұланның айып алаңында тұрған Азат Нұрғалиевке шығарған добы голға айналды. Есеп 0-1.

   Қонақтар салған гол С.Ширмялис шәкірттерін қатты састырды. Тез есін жиған кеншілер көп күттірмей таразы басын теңестірді. Арада екі минут уақыт өтпей айып соққысын баспен бағыттаған Михаил Габышов таразы басын теңестірді. Есеп 1-1.

   Ендігі ойын екі команданың алма кезекті шабуылына ұласты. Йордановтың өзі қаншама мүмкіндікті голға айналдыра алмай  жанкүйерлердің зығырданын қайнатты. Тағы да «Ордабасы» командасының жарты алаңынан өткен тұста айып соққысы белгіленді.Тағы да әуедегі допқа күресе алмаған Петрушин шәкірттері өз қақпаларына гол жіберіп алды. Голдың авторы  жеке дара қалған Сзоке. Есеп 2-1.

   Бұдан кейінгі қалған 10 минут тек «Шахтер» командасының қақпасын торуылдауға арналды. Осы сәтте Абдуллай Диакате 3-метрдей жерден қақпаға баспен  бағыттап допты енгізе алмады. Бұл соңғы мүмкіндік еді.Ойын соңынан болған баспасөз мәслихатында «Ордабасы» командасының бас бапкері А.Петрушин екі голдың да  айып соққысынан кіргеніне өкініш білдірді. Өз шәкірттерінің әуедегі допқа күресе алмайтынын ашық сынға алды. Ал,Саулюс Ширмялистің  қуанышында шек жоқ екенін әрбір сөзінен аңғарып тұрғандай болдық. «Шахтер» командасына бұрынғы даңқын қайта алып келетінін де жасырмады.  Енді жерлестеріміз 19- тамыз күні өзінің шынайы алаңында «Атырау» футболшыларын қабылдайды. Екі рет қатарынан жеңілген команданы жанкүйерде жылы қабылдамасы белгілі. Алға «Ордабасы»!




comments powered by HyperComments

Матч-центр