Новости клуба

10 августа «ОРДАБАСЫ» СОҢҒЫ МИНУТТА «АСТАНАҒА» ЕСЕ ЖІБЕРДІ.  «ОРДАБАСЫ» СОҢҒЫ МИНУТТА  «АСТАНАҒА»  ЕСЕ ЖІБЕРДІ.

«Астана» - «Ордабасы» 1:0 (0:0)

Гол салған: Тағыберген Асхат 90+3 (1:0) .

       Кездесу алаң иелерінің басымдығымен басталды. Ал А. Петрушин шәкірттері қорғаныс арқылы шабуылдауды мақсат етті. Бағы ашылмаған футболшы ретінде өзін таныта алмай жүрген болгарлық Йорданов Петрактан пас қабылдап алып қақпаға соққы жасады. Алайда оның соққысы қақпа маңдайшасынан биік кетті. Бұған дейінгі ойындарға жарақатына байланысты қатыса алмай жүрген қақпашы Эричтің мықтылығын бірнеше мәрте алыстан соққы жасап тексеріп көрген Мардан Төлебектің ойлағаны іс жүзіне аспады. Ал,алаң иелері тарапынан Еуропа алаңдарында мол тәжірибе жинақтаған Кабананга бірнеше мүмкіндіктерді голға айналдыра алмады. Оның жеке дара жасаған шабуылдарына Фонтанелло мен Диакате  лайықты тосқауыл қоя білді. Бірінші таймның соңына таман қонақтар қарқындылығымен ерекшеленді.

               Екінші тайм Станомир Стойлов  шәкірттерінің жойқын шабуылымен басталды. Дегенмен, «Ордабасы» бақылау барысында қырағылық танытып қаншама голдан қақпасын сақтап қалды. Осындай қарбаласты бір сәтте Ковальчуктің сол қанаттан шығарған добына Еркебұлан Тұңғышбаев дер кезінде жетіп баспен допты қақпаға бағыттады. Қақпашы Эрич допты  асқан қиындықпен қайтарып үлгерді.  Осындай тартыспен аяқталған матчқа төреші  қосымша 3 минут уақыт қосты. Дәл осы соңғы минут «Ордабасы» үшін сәтсіз болды. Ойынның бітуіне санаулы секундтар қалғанда алаңға алмасып кірген Асхат Тағыберген шамамен 25 метрдей жерден теуіп қақпа торын тулатты. Жасанды алаң  «Астана» командасы үшін тиімді екеніне тағы бір рет куә болдық. Гол салған сәтте «Ордабасының» қорғаушысы жарақат алып орнынан тұра алмай айып алаңында жатып қалған болатын.  Төреші кездесуді тоқтатуы керек еді. Алайда  талдықорғандық төреші Денис Измайловтың тарапынан мұндай шешім болмады. Есеп 1-0. 

             Ойын соңынан болған баспасөз мәслихатында «Ордабасы» командасының бас бапкері А. Петрушин: «Соңғы 20-30 секунд уақыт қалғанда гол жіберіп алғаннан асқан өкініш жоқ,споррттық бақтың Еуропада өнер көрсетіп жүрген «Астана» жағында болғанын  аңғардым. Алдағы  кезде еліміздің  намысын  қорғайтын  елордалық  командаға Шотландияның «Селтик» командасымен болатын  аса  жауапты  матчта сәттілік  тілеймін».

   Ал, «Астана»  командасының  бас  бапкері С. Стойлов «Ордабасы» командасының қорғанысының берік екенін  арнайы атап өтті. Енді жерлестеріміз Қарағандының «Шахтер» командасына қонаққа барады. Ордабасылықтарға  жеңіс  тілейміз!                                                 




comments powered by HyperComments

Матч-центр