Новости клуба

12 июля ОЛИВЕР ПЕТРАК: «АПТАП ЫСТЫҚ МЕН ҮШІН НАҒЫЗ СЫНАҚ БОЛДЫ». ОЛИВЕР ПЕТРАК: «АПТАП ЫСТЫҚ МЕН ҮШІН НАҒЫЗ  СЫНАҚ  БОЛДЫ».

Бірінші айналымнан кейінгі трансферлік маусымда құрама сапына  шақырту алған хорватиялық Оливер Петрак «Шахтер» командасымен болған ойында өзінің алғашқы кездесуін өткізді. Орталық қорғаныста команданың үйлестірушісі  ретінде  жұмыс атқарған оның шеберлігіне жанкүйерлер жылы пікірлерін білдірді. Ал, Оливер Петрак ауа райының ыстықтығы басты сынақ болғанын айтады:

  « Еуропаның қоңыр салқын климатынан Шымкенттің шілдедегі ыстығына көндігу маған басты сынақ болды. Дегенмен, біздің команда ойынның бірінші кезеңінде басым болды. Солай бола тұра  көптеген мүмкіндіктерді пайдалана алмадық.Қаншама өткір шабуылдарды голға айналдырмадық. Екінші таймда көп күткен голға қол жеткіздік. Срджан Вуяклияаға ризамын.Алаңға алмасып шыға салысымен қажетті кезінде  керемет гол салды.Негізінен алғанда біздің жігіттердің ауа райының ыстығына қарамай жанын салып ойнағаны ұнады.Алдағы кезде өз жанкүйерлерімізді қуантамыз деп сенемін» 

 

Біздің анықтама:

     Петрак Оливер 1991 жылы 6- ақпан күні  Хорватияның Загреб қаласында туылды. Футболдағы кареррасын «Загреб» командасының жасөспірімдер командасында бастады. Бұдан кейін Хорватияның «Динамо», «Локомотив», «Лучко», «Истра-1961», «Сесвете» командаларында өнер көрсетті.

      2014 жылдан Боснияның «Зриньски» командасында ойнады. Хорватия жастар және жасөспірімдер құрамасының мүшесі болды.  Амплуасы: Орталық қорғаушы, үйлестіруші. Салмағы 87 кг, бойы 183 см.

 




comments powered by HyperComments

Матч-центр