Новости клуба

19 июня "ОРДАБАСЫ" ҚЫЗЫЛОРДАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ.  "ОРДАБАСЫ"  ҚЫЗЫЛОРДАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ.

Кездесу алма кезек шабуылмен басталды.Алғашқы қауіпті сәтті "Қайсар" шабуылшысы Нтибазонкида мен Аржанов жасады. Өткір шабулшы жасаған пасты Аржанов оңтайлы жерден аспандатып теуіп жіберді.Осылайша 10-15 минутта бет қаратпаған алаң иелері біртіндеп басымдықты қонақтарға беріп қойды. "Ордабасы" алаң иелерінің қателігін 58- ші минутта таба білді.Кезекті айып соққысын баспен бағыттаған Фонтенелло  баяғы өзіміздің  аласа бойлы қақпашы А.Григоренко  қорғаған қақпаның торын тулатты. Дегенмен "Қайсар" жеңіс үшін жанын салды.Алайда қарымдылық танытқан қонақтар  үш ұпайды Сыр елінен олжалап қайтты. Баспасөз мәслиxатында бас бапкер А.Петрушин мынадай аптап ыстықта доп тебудің өзі қиын.Ал жеңіске жетудің жолы одан да қиын болды - деп атап өтті.Ендігі қарсылас"Қайрат" командасы болады."Ордабасы" үшін нағыз сын сағаты туды. Жеңісті қолдан берме "Ордабасы"!




comments powered by HyperComments

Матч-центр