Новости клуба

20 апреля «ОРДАБАСЫ» ЕЛ КУБОГЫНЫҢ КЕЛЕСІ САТЫСЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ.  «ОРДАБАСЫ»  ЕЛ  КУБОГЫНЫҢ  КЕЛЕСІ  САТЫСЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ.

Қазақстан кубогы 1/8 финал.

«Қызыл-Жар» СК – «Ордабасы» 0:1 (0:0)

Гол салған : Гогуа   11-метрлік пенальти 59

Ескерту алғандар: Аитов 44 , Гогуа 22, Жумаханов 90, Аширбеков 90+3

     Ел чемпионатының бірінші лига командаларының арасынан жеңімпаз болып шыққан «Қызыл-Жар» футболшылары «Ордабасыны» ұтып  жарысты жалғастыру мақсатында алаңға шықты. Соның да негізінде ойынның алғашқы минуттарында  алаң иелерінің сапындағы үздік футболшы Кулибали қақпаны қорғаған Нұрмұхаметовпен бетпе-бет шығып есеп аша алмады. «Ордабасы» командасының сапында белсенді болған Адырбеков ойынның екінші кезеңінің 59-шы минутында  сол қанаттан жылдам шабуыл бастады. Оның өз ойыншыларына тастаған добын, айып алаңының ортасында тұрған «Қызыл-Жар» қорғаушысы қолмен қайтарып ойын ережесін өрескіл бұзды.Осы жерден белгіленген 11-метрлік айып соққысын  грузиялық  Гогуа тамаша орындап есеп ашты. Есеп 0-1

      Владимимр Фомичов баптайтын Петропавл қаласының футболшылары есепті өзгертуге қаншама күш салғанымен  «Ордабасы» өзінің бір бас жоғары екенін дәлелдей білді. Ойын соңынан болған баспасөз мәслихатында «Ордабасы» командасының бас бапкері Алексей Петрушин  жеңістің оңайлықпен келмегенін,қарсылас команданың болашағы мығым екенін атап өтті. «Ордабасы» осылайша ел кубогының ¼ финалына жолдама алды. «Ордабасы» командасымен қатар өнер көрсеткен облысымыздың «Қыран» командасымен, «Мақтаарал» футболшылары премьерлига командаларына    қарсылық көрсете алмай жарыс жолынан шығып қалды. Есесіне Талдықорғанның «Жетісуы» бас жүлдеге үміт артқан  «Астананы»  2-1 есебімен ұтып үлкен мүмкіндікке ие болды.  Енді жерлестеріміз 23-сәуір күні, чемпионаттың 8-турында  өз алаңында турнир кестесінің төртінші сатысында өзімен үзеңгі қағыстырып қатар келе жатқан Қостанайдың «Тобылын» қабылдайды. Облыс жанкүйерлері өз командасына жеңіс тілейді. Алға «Ордабасы»! 




comments powered by HyperComments

Матч-центр