Новости клуба

17 апреля «ОРДАБАСЫ» ҚОНАҚТА «ҚАЙРАТҚА» ҚАРСЫ ҚАЙРАТ КӨРСЕТЕ АЛМАДЫ.  «ОРДАБАСЫ»  ҚОНАҚТА  «ҚАЙРАТҚА» ҚАРСЫ ҚАЙРАТ КӨРСЕТЕ АЛМАДЫ.

«Ордабасы» -«Қайрат» 3-0 (2-0)

Гол салғандар: Исламхан 6, Гоу 43,Иличевич 70

      Биылғы чемпионатты сәтсіз бастаған «Қайрат» әр тур сайын қадамын жазған тұлпардай көсіліп  келеді.Ойынның бірінші минутынан қонақтардың қақпасына лап қойған «Қайрат» командасы өз ойларын 6-ші минутта жүзеге асырды. Айып алаңына жеке кірген Исламхан  жойқын соққымен есеп ашты. Оның  шамамен 12-метрдей жердей тепкен добы қақпа торында тулап жатты. Есеп 1-0

       Есепті өзгерту үшін күш салған Нөсербаев пен Тұңғышбаев,өз ара пас алмасып қақпаға соққы жасады. Доп қақпа   бағанасына  тиіп кері кетті. Арада тағы аз уақыт өткенде айып добын орындаған  Төлебектің тамаша соққысы қақпаға дарымады. Үміт оты қайта тұтанған «Қайрат» келесі голды да әдемі соқты. Қорғаушылардың бақылауынан жеке шығып кеткен Исаэль қақпашы Бекбаевпен бетпе-бет келді. Алайда оның бұрыштан қиып тепкен добын   Гоу бос қалған қақпаға бағыттай салды. Есеп 2-0.

      Екінші тайм «Ордабасының» басымдығымен басталды. Шымкенттен  Алматы қаласына үлкен үмітпен келген жүздеген жанкүйердің голды күткен үміті ақталмай ақ қойды. Бәріде жақын қалғандай көрінгенмен гол болмай діңкелетті. Есесіне ойынның 70-ші минутында жылдам Иличевич  жекпе-жек шығып кетіп  үшінші голдың авторы атанды. Есеп 3-0.

Мынадай соққыдан есеңкіреп қалған «Ордабасы» үшін ойынды  ірі есептен сақтап қалудың реті келмеді.Ойын соңынан болған баспасөз мәслихатында «Ордабасы» командасының бас бапкері Алексей Петрушин алаң иелері тарапынан дөрекілік көп болғанын,соның да салдарынан оөзінің  ойлаған тактикасы жүзеге аспағанын атап өтті. Енді жерлестеріміз 8-ші тур ойындарында  Шымкент қаласындағы Қажымұхан атындағы орталық стадионда Қостанайдың «Тобыл» командасын қабылдайды. «Тобыл» оңай шағыла салатын жаңғақ емес екенін кейінге шегерілген 18-ші турдың ойындарында дәлелдеп берді. Бәлкім, «Ордабасы»командасына есе қайтаратын кез келген шығар.Жерлестерімізге жеңіс тілейміз! 




comments powered by HyperComments

Матч-центр