Новости клуба

13 апреля "ОРДАБАСЫ" ҚАРҚЫНЫ ҚАТТЫ "ҚАЙСАРДЫ" ТОҚТАТТЫ.   "ОРДАБАСЫ" ҚАРҚЫНЫ ҚАТТЫ "ҚАЙСАРДЫ" ТОҚТАТТЫ.

"Ордабасы"-"Қайсар"  1-0 

Гол салған: Марцваладзе 51,
    Премьерлиганың көшін бастап келе жатқан "Қайсарды" тоқтату  "Ордабасыға" ғана мүмкін болды.Қызылордалықтарға қарсы  шабуылдаушы тактика ұстанған алаң иелері толық басымдыққа ие болды.Тіпті қақпашы Бекбаев тоқсан минут бойында 4-5 рет қана ойынға араласты. Дегенмен қонақтардың қақпасын қорғаған Марсель Исламқұловтың шеберлігін  ерекше атап өту керек. Талантты   қақпашы қаншама голдан команданы сақтап қалды.Алайда ойынның 51-ші минутында алаң ортасынан басталған шабуылға Отар Марцваладзе нүкте қойды.Есеп 1-0
  Осыдан кейінде алаң иелері  тізгінді қолдан шығармады. Тіпті "Қайсарға" еш мүмкіндік қалдырмады.Йордановтың айып алаңының ортасынан жасаған  жойқын соққысын  қақпашы сыртқа қайырып үлгерді.Бұл кездесу қақпашының арқасында ғана  ірі есепке ұласпады. Шабуыл шебіндегі Азат Нұрғалиев бастаған,Йорданов,Тұңғышбаев сынды  жылдам футболшылардың есепті ұлғайтар мол мүмкіндігі  болды.Дегенмен қонақтар қорғанып бақты.Қорытынды есеп 1-0.
    "Ордабасы" маңызды деген жеңісіне қол жеткізді.Мұны  сезінген жанкүйерлер тік тұрып  жеңімпаз  командаға қошемет көрсетті. Ендігі сапар Алматыда өтетін "Қайрат" командасымен болатын аса жауапты кездесу.Жерлестерімізге  жеңіс тілейміз|



comments powered by HyperComments

Матч-центр