Новости клуба

20 марта "Ордабасы" сырт алаңда жеңіске жетті.  "Ордабасы" сырт алаңда жеңіске жетті.

«Ақтөбе» – «Ордабасы» 0:1 (0:1) 

Гол салған : Т.Нөсербаев 7
Ескерту алғандар: Диас Морейра 10, Аслан 17, Воловик 90+3 – Қожабаев 20, Нусербаев 53, Диакате 80, Нұрғалиев 181, Бөлешев 90+2
Қатаң ескерту: Диас Морейра 76 (екінші ескертуден кейін)
Ақтөбе: Отарбаев (к), Диас Морейра, Барбоса, Воловик, Гуйе, Айтбаев (Юри Альмейда 59), Аслан, Байтана (Ермаченко 72), Зенькович, Какимов, Шестаков
Резерв: Тамабай, Саулет, Абдукаримов, Даутов, Розыбақиев, Жұмағали, Скворцов
Ордабасы: Бекбаев, Диакате, Марцваладзе (Тұңғышбаев 46), Бочаров, Ковальчук, Фонтанелло, Нөсербаев (Бөлешев 86), Нұрғалиев (к) (Бейсенов 81), Ерланов, Төлебек, Қожабаев
Резерв: Бойченко, Адырбеков, Аширбеков, Жұмаханов, Тұрсынбай, Йорданов
Төрешілер: Кучин (Қарағанды), Бельский (Тараз), Конивец (Қарағанды)
Қосымша төрешілер: Гаузер (Петропавл), Сариев (Орал)
18 наурыз. Ақтөбе. Стадион ОДЮШОР. 2 800 жанкүйер 
   Кездесудің  алғашқы минуттарынан алға ұмтылған «Ордабасы» ойыншыларының мақсаты 8- минутта жүзеге асты. Алаң ортасынан суырылып шыққан Таңат Нөсербаев Ақтөбе қорғаушыларының қателігін ұтымды пайдаланды. Екі  ойыншының арасынан айып алаңының бұрышынан шығып жойқын соққы жасады. Жылдам соққығы ілесе алмаған қақпашы Самат Отарбаев қапы қалды. Есеп 0-1.Алаң иелері үшін мына гол күтпеген соққы болды. Енді оларға тактиканы өзгертуге тура келді. Ал «Ордабасы» қорғанысқа аса мән беріп сол арқылы шабуылға беттеді.  Өз кезегінде Гуйе, Зенькович,Байтана сынды шабуылшылар Бекбаевтың қателігін іздеумен болды. Аса белсенділік таенытқан Бекбаев өзінің бұрынғы клубына қарсы шеберлігін көрсетті. Асланның айып соққысын қақпашы асқан қиындықпен қайтара білді. «Ордабасы» шабуылын күшейтеді деген Марцваладзе  өз мықтылығын дәлелдей алмай ойынның екінші кезеңінде орнын Тұңғышбаевқа босатты. Матчтың екінші кезеңі өрескілдікпен басталды. Төреші қарағандылық Артем Кучиннің ысқыры жиі шалынды. Осындай тәртіпке көнбеген сегіз футболшы ескерту алды. Тіпті қонақтарға қарсы шектен тыс  дөрекілік танытқан  Диас Морейра  екінші  рет ескерту алып алаңнан қуылды. 10-ойыншымен қалған ақтөбеліктер қол қусырып қарап отырмай таблодағы есепті өзгерту үшін күш салды. Алаңдағы  жағдайды түзеу үшін бас бапкер Альмейда,Ермаченко сынды тың футболшыларды алмастырып  ойынға шығарды. Алайда Фантанелло,Ковальчук,Ерланов,Қожабаев  сынды  тас қамал қорғаушылар сыр бермеді. Есеп 0-1. «Ордабасы» осы жеңісінен кейін бір сағаттай турнир кестесінің көшін бастады. Бұл кезде Астана қаласында «Шахтер» -«Қайсар» арасындағы кездесу өтіп жатқан болатын. Кездесу барысында «Қайсар» 0-1 есебімен ұтып бірінші орынға шықты. «Ордабасы» екінші орында.
     Ойын соңынан болған баспасөз мәслихатында «Ордабасы» командасының бас бапкері Алексей Петрушин жасанды ойын алаңының көп қолайсыздық тудыратынын атап қатаң сынға алды. «Қазақстанда қазіргі таңда «Ордабасы» мен «Қайрат» командалары шынайы алаңда ойнайды.Қалғанының барлығы жасанды алаңда өнер көрсетіп жатыр. Ойынның екінші кезеңінде шәкірттерімнің аяқтары сіресіп көптеген қиындықтар  тудыра жаздады. Бір кезде Ресей футболында да осындай келеңсіздіктер болған еді. Футбол саласын басқаратын басшылар табандылық танытып барлық матчты  шынайы стадиондарда  ойнауға қол жеткізді.   Ал болашақта мұндай жасанды алаңдар болмайды»-деді.
    Осылайша жерлестеріміз сырт алаңдағы қиын да, күрделі матчтан үш ұпай алып, елге асқан аброймен оралды. Енді олар 31-ші наурыз күні өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпес» командасын қабылдайды.Бұл да бір сынақ болатын түрі бар.
Жерлестерімізге тек жеңіс тілейміз!



comments powered by HyperComments

Матч-центр