Новости клуба

14 марта Ордабасы-Атырау 1:1. Ордабасы-Атырау 1:1.

 Кездесудің басталған бірінші минутынан Атырау белсенділік танытып допқа иелік етті. Бірнеше рет қатарынан Алмат Бекбаев қорғаған қақпаға қауіп төндірген қонақтар алаң иелеріне қысым көрсетті. Тек ойынның 10-минутында ғана ес жинаған А. Петрушин шәкірттері алаңдағы жағдайды өзгерте бастады. Осындай сәттің бірінде Атырау қорғаушылары мен қақпашы Пасеченко арасында түсінбеушілік туып өз ара қақтығысып қалды. Осындай сәтте Таңат Нөсербаев бос тұрған қақпаға допты дарыта алмады.

  Ойынның екінші кезеңінде  «Ордабасы» есеп ашуға шындап кірісті. Еркебұлан Тұңғышбаев пен Таңат Нөсербаев қос бүйірден қанша қыспаққа алғанымен қақпашы шеберлігі өз командасын қаншама голдан сақтап қалды. Есесіне айып соққысын голға айналдырған Атырау алға шықты. Ойынның 83 минутында айып алаңының сыртынан ойын ережесі бұзылды. Атыраулықтардың   әуелете берген   добына  бұрын жеткен  Обшивача баспен бағыттап есеп ашты. Есеп 0-1

   Осы бір голдан кейін  алаң иелері шындап  тығырыққа тірелді. Кеше ғана ел чемпионы Астананы ірі есеппен ұтқан «Ордабасы» ойыншылары, есепті теңестіру үшін бар күш-жігерлерін ортаға салды. Қаншама бұрыштама добы, қатарынан жасалған бірнеше сәтті мүмкіндіктер өз жемісін бермей қинады. Ойынның негізгі уақыты аяқталды. Жанкүйердің дегбірін қашырған матчтың бағын тағы да Мардан ашты. Негізгі уақытқа қосымша берілген 4-минутында Айып соққысын орындаған Мардан Төлебек ел тамсана айтып жүретіндей  керемет гол салды.Осылайша «Ордабасы» ащы жеңілістен құтылды.Таблодағы есеп 1-1 болып тең аяқталды. Кейде женіске бергісіз тең ойындар болады. Бұл дәл сондай кездесу болды. Енді жерлестеріміз Ақтөбеге сапар шегеді. Одан соң турнир кестесінің көшін бастап, әлі бір жеңіліс көрмей келе жатқан  «Оқжетпес» қабылдайды. Осы кездесулерде жерлестерімізге сәттілік тілейміз!




comments powered by HyperComments

Матч-центр