Новости клуба

09 марта «ОРДАБАСЫ» ЧЕМПИОНАТТЫ СӘТТІ БАСТАДЫ. «ОРДАБАСЫ» ЧЕМПИОНАТТЫ СӘТТІ  БАСТАДЫ.

«ОРДАБАСЫ» – «АСТАНА» 3:0 (1:0)

Гол салғандар: Төлебек 15, Нұрғалиев 74, Диакате 88

Ескерту: Тұңғышбаев 29 – Мужиков 22, Эрич 71

Ордабасы: Бекбаев, Диакате, Бочаров, Ковальчук, Рендулич (Бейсенов 72), Нөсербаев, Нұрғалиев (к), Смаков (Фонтанелло 34), Ерланов, Төлебек (Адырбеков 78), Тұңғышбаев

Резерв: Бойченко, Гейнрих, Марцваладзе, Аширбеков, Қожабаев, Бөлешев

Астана: Эрич (к) (Мокин 80), Аничич, Шитов, Маевский, Кабананга, Луллаку, Шомко, Логвиненко, Постников, Мужиков (Наджарян 81), Муртазаев (Твумаси 74)

Резерв: Жақипбаев, Прокопенко, Жалмұқан, Бейсебеков

Төрешілер:  Алешин, Попов, Тасыбаев ( Павлодар)

Қосымша төреші: Быстров, Филатов ( Сарань)

08 Наурыз. Шымкент қаласы Қажымұхан атындағы орталық стадионы. 7 000 көрермен.

 

 Чемпионаттың ашылуы «Ордабасы» командасы үшін сәтті басталды. Ел чемпионы «Астана» командасымен болған жауапты кездесуге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен Қазақстан Футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов қатысып отырды. Ойынды алаң иелері аса сақтықпен бастады. «Астана» футболшылары суперкубок ойындарына қатысып  тәжірибе жинақтаған болатын. Кездесудің 15- минутында Астана қорғаушылары айып алаңына жақын жерде  қолмен ойнап, ойын ережесін өрескіл бұзды.Осы жерден белгіленген айып добын керемет орындаған Мардан Төлебек шамамен 25-метрдей жерден қақпа торын тулатты.Жойқын соққыға қақпашы Н.Эрич ешбір амал таба алмады.Есеп 1-0.

  Ойынның екінші кезеңі қонақтардың жаппай шабуылымен басталды.Алайда «Астананың» сапында өнер көрсеткен Т.Нөсербаев пен А.Нұрғалиев сынды жігіттер қарсы амал ойлап тапты. Осындай алма кезекті шабуыл кезінде Т.Нөсербаев жеке шыққан Азат Нұрғалиевке доп шығарды.Қақпашымен бетпе-бет шыққан Азат өз шеберлігінің арқасында есепті 2-0 жеткізді. Осы есепті сақтап қалу үшін күш салған ресейлік маман  А.Петрушин шәкірттері тағы бір гол салуға қол жеткізді. Матчтың аяқталуына  үш минуттай уақыт қалғанда «Астана» командасының айып алаңына жақын тұста тағы да ойын ережесі бұзылды. Айып соққысын жасаған Азаттың добына бірінші жеткен Абдулай Диакате үшінші голдың авторы атанды.Есеп 3-0

 Кездесу соңынан болған баспасөз мәслихатында «Ордабасының» бас бапкері Алексей Петрушин шет елден алдырылған ойыншылардың белсенділігі басым екенін атап өтті. Әсіресе 33 сағат бойы самолетпен Аргентинадан ұшып келген Фонтанелло  мен Турциядағы оқу- жаттығу жиынына қатыспай-ақ өз мықтылығын дәлелдеген Абдулай Диакатенің өнеріне тәнті болғанын айтты.

     Алты жыл бойы азулы қарсылас   «Астанаға» қарсы амалын таба алмай жүрген жерлестеріміз осылайша, Әйел- аналардың мерекесіне тамаша сый жасады.Сондықтан да  «Ордабасы» чемпионатты өте сәтті бастады деп отырмыз. Команданың ендігі  қарсыласы Қызылорданың «Қайсар» футболшыларына қауқар көрсете алмаған « Атырау» болмақшы. Екі команданың кездесуі 12- наурыз жексенбі күні «Қажымұхан» атындағы орталық стадионда өтеді. Жерлестерімізге  тек жеңіс тілейміз!   




comments powered by HyperComments

Матч-центр