Новости клуба

11 октября Бекхан Шайзада: «Жанкүйерлерсіз ойнау өте қиын» Бекхан Шайзада: «Жанкүйерлерсіз ойнау өте қиын»
«Ордабасы» командасының және Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Бекхан Шайзада берген сұхбатында Македония құрамасынан жеңілу себептері мен Шымкенттік команданың маусымдағы ойындарына баға берді

- Бекхан, қалай ойлайсыз неліктен құрама Македонияны жеңе алмады?
- Команда екінші таймда шыққан ынта жігермен бірінші таймда шығу қажет еді. Матчта үлкен рөлді қарсылас сапындағы ойыншылардың жекелей қасиеттері ойнады. Онысымен қоса біздің команда қатарында бірден үш ойыншы алғашқы мачтарына шықты. Сондықтан ойымша осы жәйттардың барлығы қосындысымен матч нәтижесіне әсерін тигізді.

- Енді алда Испаниямен матч бар, одан не күтесіз? Қарсылас жайлы қандай ойларыңыз бар?
- Испаниямен өтетін матчта 200 пайызға ойнау қажет. Әрине қарсылас мықты, дегенмен барлығы бізге тәуелді. Испандықтармен алаңда бар күшті салу қажет.

- «Ордабасыда» сіз Владимир Плотниковке бәсекелестік көрсетудесіз. Жалпы бәскелестікке қалай қарайсыз? Сонымен қатар клубтың және бір қақпашысы Игорь Трофимецтің де тәжірибесі жетерлік
- Бапкерлік штабқа сенім үшін үлкен рахмет. Бәсекелестік тек күшейтеді. Өткен жылы менің бәсекелесім 2019 жылы ҚПЛ ең үздік қақпашы болған. Дмитрий Непогодовпен бірге жаттығып мен жақсы тәжірибе жинақтадым. Қазір ұжымда мықты деген қақпашылар баршылық. Олармен бәсекелесіп, футболшы тұрғыда өсуім әрине қуантады.

- Осы жылы сіз Еуропа Лигасында алғаш рет өнер көрсеттіңіз. Сол кезде қандай сезімде болдыңыз?
- Ия, алғашқы ойыным оншалықты жақсы болмады. Барлығы уақытпен келеді. Біздің кейбір жағдайларда жолымыз болмады, бірақ бұл футбол. Бізге тек алға қарай жылжу қажет.

- Жанкүйерлерсіз ойнау қандай?
- Жеке мен үшін жанкүйерлерсіз ойнау өте қиын. Кейбір жағдайларда олардың рөлі маңызды. Олардың қолдаулары бізді алға қарай итермелейтін еді. Еуропа Лигасының матчында сол бізге жетпеді.

- «Ордабасы» үшін маусымда қандай баға берер едіңіз? Мықты үштікке ену мүмкін бе?
- Маусым әлі аяқталған жоқ. Алда маңызды деген ойындар бар. Барлығын уақыт көрсетер. Ойымша кестенің биік орындарына күресуге мүмкіндік бар. Біздің команда оған лайықты.






comments powered by HyperComments

Матч-центр