Новости клуба

05 октября Жоао Пауло: «Қалауым «Ордабасы» чемпиондықты немесе Кубокты жеңіп клуб тарихында өз есімімді қалдырғым келеді» Жоао Пауло: «Қалауым «Ордабасы» чемпиондықты немесе Кубокты жеңіп клуб тарихында өз есімімді қалдырғым келеді»
«Ордабасы» командасының үздік бомбардирі, бразильдік шабуылшы Жоао Пауло, Вагнер Лавпен бәсекелестік жайлы, Қазақстанда оны не таң қалдырды және  Байсеитовтың өзге клуб президенттерінен қандай айырмашылығы бар жайлы айтып берді. 

- Сіз өз клубыңыздағы тең жарты голдарды өзіңіз соқтыңыз. Үзілістен кейін кейбір футболшылардың ойыны жүрмей жатыр. Сіздің нәтижелі ойындарыңыздың сыры неде?

- Ойымша мұнда ешқандай сыр жоқ, бастысы күнделкіт еңбек. Жаттығулардағы еңбек, Оснымен қатар командасыз мен гол соқпас едім. Бұл жалпы жұмыстың жемісі. Олар маған алаңда көмектеседі, жайлы жағдайлар жасайды, ал мен гол соғамын.

-  Тек бір рет бразильдік ойыншы 2000 жылы үздік бомбардир болған. Сонда Нилтон Мендес 21 гол соқты. Осы көрсеткішке жету мүмкінжігіңіз бар.

- Мүмкін емес нәрселерді жүзеге асыруға болады деген ұғымды қолдаймын. Бірақ мен үнемі айтып отырамын, мен үшін ең басты командалық мақсат-бағдар, ал жеке көрсеткіштерім екінші орында. Бастысы команда жақсы ойнау керек, сол кезде өз мүмкіндіктеріңді жарыққа шығару жағдайлары көбейе түседі.

- Сіз Оңтүстік Корея, Болгарияда ойнадыңыз енді Қазақстан. Осы чемпионаттарды салыстырып көресіз бе?

- Корея мен Қазақстанның чемпионаттырн салыстыру қиын, онда мен 2010 жылы ойнадым. Ол кезед басқа футбол, ал қазір мүлдем басқа. Болгариямен салыстырып көрсем болады. Қазақстан Чемпионаты қиын, бәсекеге толы. Ал Болгарияда мықты деген бір-екі клуб бар, мысалы «Лудогорец», ал қалғандары әлсіздеу. Ал мұнда командалар бір деңгейде. «Астана», «Қайрат» командаларынан басқа «Ордабасы», «Тобол». Чемпионата 5-6 команда бәсеке тудырып, осының есебінен қызықты өтеді.

- Қазақстанда сізді футбол және тұрмыс жағынан не көбінесе таң қалдырды?

- Футбол жағынан айтар болсам Чемпионаттың деңгейі. Мұнда футбол деңгейә кіші болады деп ойлағанмын. «Ордабасы» командасынан ұсыныс келген кезде, мен футзалдық «Қайрат» командасының бапкері Какаумен ақылдастым, біз бір қаладан боламыз. Ол ел туралы айтып беріп, маған осында ұнайтынын айтты. Сөздер ол басқа бастысы өз көзіңмен көру. Қазақстан Чемпионатының жоғары деңгейіне таң қалдым. Футболдан бқлек осында жылқының етін жейтәне таң қалдым. (күледі)

- Қазақстандағы ең ыңғайсыз қарсыласты айта аласыз ба?

- Барлық қарсыласпен ойнау қиын. Біреуді бөліп айту қиын. Жекелй команда етіп айтсам «Астана», «Қайрат» командаларымен ойнау қиын.

-  Ең ыңғайсыз қақпашы.

- Дмитрий Непогодов. Өткен жылы ол «Ордабасы» сапында болды. Жаттығу барысында біз бәсекелестік – мен көп гол соғамын ба әлде ол көп қайтарады ма деп.

Қазір ол «Астана» командасына өтті. Мен Диманы ыңғайсыз қақпашы деп есептеймін, ол өте үлкен. (күледі)

- Есте қалған матч?

- Бірден еске түсіру қиын, бірақ ойыма Ақтөбедегі матч түсіп отыр. Өткен маусымда біз сонда ойнап 3:0 есебімен жеңдік, мен екі гол соғып, голдық пас бердім. Осы ойын үнемі еске түсіп тұрады.

- Қай матчты қайта ойнар едіңіз?

-  Ол Еуропа Лигасындағы «Ботошани» командасымен. Мүмкіндік болғанда  сол матчқа қайта оралар едік. Ол кезед салқын жүректілік пен байсалдылық жетпеді. Соның нәтижесін өзгерткіміз келді.

- Тохтар Жаңғылышбай сол матчта бос қақпаға сала алмаған кезде не сезіндіңіз? Бразилияда осындай жағдайда жанкүйерлер ойыншыға не істер еді?

- Бірінші кезекте футбол алаңында мұндай жағдайда Тоха секілді кез-келген ойыншы болу мүмкін. Әр бір футболист осындай сәтте мүлт кету мүмкін. Кінәлайтын ешкім жоқ. Менің мансабымда осындай жағдайлар болған. Жаңғылышбайға тек сәттілік жетпеді. Бразилия жайлы айтар болсақ мұндай жағдайлар болып тұрады, жанкүйерлер Бразилияда қызу қанды, түрліше жағдай болу мүмкін. Алаңға жүгіріп шығып, немесе ойыннан кейін клубтық автобусқа жабылып. (күледі)

- Қазақстанды футболда және футзалда Бразильдіктер өте көп. Кіммен араласып тұрасыз? Сырттай бәсекелестік бар ма араларыңызда?

- Қазір Вагнер Лавпен араласамыз. Қазақстанға келер алдын «Қайраттың» физиотерапевті Диого Лейтеден көп ақпарат алдым, бірнеше сәттерде ол маған көмек берді. Сырттай бәсекелестік деген бізде жоқ.

- Вагнер Лав бірден «Қайрат» үшін голдар соға бастады. Егер ол үздік бомбардирлер сайысына түссе онымен бақталасу қаншалықты мәртебелі?

- Біз Бразильдіктер екенімізді ескерсек, мен ол үшін үнемі қуанамын, ол үшін жанкүйерлік танытамын, әрине бізге қарсы ойнағанда ескерілмейді. Ол Бразилияның құрамасында ойнаған, мен үшін үлгі болған. Бақталастық бізде жоқ.

-Шымкентте клубты өте ыстық қолдайды, қаншалықты команда жанкүйерлерсіз ойнауға үйренді?

- Мұндай жағдайларға үйренетін ойыншы жоқ шығар. Қолдаусыз, көрерменсіз, өзге алаңда ойнау қиын. Бос трибуналар футболшыға көмек бермейді, есесіне қиындату мүмкін.

.

- Өткен маусымнан кейін өзге Қазақстандық клубтар сізге қызығушылық танытты ма?

- Маған тек өсек ретінде ақпараттар келіп тұрды. Мен туралы «Қайрат», «Ордабасының» басшылығымен сөйлескен секілді, бірақ әңгіме қаншалықты түпкілікті өтті оны мен білмеймін. Ал маған келген жалғыз ұсыныс «Тоболдан» болды. Бірақ Шымкентке үйренген жанұяммен ақылдаса келе «Ордабасыда» қалуға бел будым. Бұл менің жақындарыммен және клуб басшылығымен ойлана келісілген шешім.

- «Ордабасы» клубының барлық легионерлерінде клуб президенті Бахтияр Байсеитов жайлы оқиғалары бар. Ол өте ерекше, әсершіл адам. Сол кісіге қатысты сенде оқоғаң бар ма?

- Даниярұоымен менде ондай оқиға жоқ. Жалғыз айтарым, сол кісінгің бізге деген көзқарасы. Ол өте ерекше адам, одан тек мен қамқорлық сезінемін. Ол маған және өзге футболшыларға әке секілді. Тәулігіне 24 сағат ол командамен бірге, бізге не керектігін үнемі сұрап тұрады. Жанұямыздың жағдайларын сұрайды. Бүкіл мансабымда ойыншыларға осылайша қамқор болатын президентті көрмеппін. Осындай басшыны кездестіруім алғашқы рет.

- «Ордабасы» жанкүйерлеріне не тілейсіз?

- Айта өтейін мен команда үшін, жанкүйерлер үшін алаңда бар күшімді саламын, Қалауым «Ордабасы» чемпиондықты немесе Кубокты жеңіп, клуб тарихында өз есімімді қалдырғым келеді. Жанкүйерлерге алғысым шексіз. Олардың қолдауарын алыстан болса да сеземіз. Біз ұшін алаңдайды. Олар үшін барымызды саламыз.

 

vesti.kz






comments powered by HyperComments

Матч-центр