Новости клуба

11 сентября Зиги Бадибанга: «Шымкентте болғаныма бақыттымын»  Зиги Бадибанга: «Шымкентте болғаныма бақыттымын»
«Ордабасы» командасының Бельгиялық жартылай қорғаушысы Зиги Бадибанга Қазақстандық чемпионат, ұлттық құраманың ойындары және Шымкенттегі өмірі жайлы пікірімен бөлісті:

- Зиги, «Ордабасының» соңғы ойындары сәтсіз өтті. Қателіктеріңізді саралап, өз қалпыларыңызға келдіңіздер ме?
- Ойымша соңғы матчтарда ойлағанымыздай жақсы болмадық. Шынын айту керек «Қайрат» бізден жақсы көрінді. Барлық қателіктерді жою үшін уақыт керек.

- Келесі матчты сіздер бас бапкерсіз өткізесіздер. Цхададзенің алаңдағы рөлі қандай?
- Ия, онсыз қиын болады. Қазір біз теория жағынан көп жұмыс жасап жатырмыз. Джумберұлының кеңестерін тыңдайдамыз. Бірақ білеміз, ол моральды тұрғыда бізбен бірге.

-Футболдан Қазақстан құрамасының Беларусь, және Литва құрамаларымен өткен матчтарды көрдіңіз бе? Пікіріңіз қандай?
-Мен екі ойынды да көрдім. Ойымша Қазақстан құрамасы жақсы ойнады. Литваны жеңу Қазақстандық команда үшін – жақсы нәтиже. Ал Беларусьпен өткен матч жайлы айтарым, футболда барлығы болады.

- Артта чемпионаттың үштен бірі өтті. Көшбасшы «Қайрат», ал «Ордабасы» тек алтыншы орында. Сіздің ойыңызша кесте күшпен орныққан орынға сәйкес пе?
-Біз маусымды жақсы бастай алмадық. Кейін жағдайды түзедік. Әзірге алтыншы орын, қанағаттанарлық нәтиже. Бірақ маусым соңына дейін әлі жарамыз.

- Біздің қаламызға келер алдын «Ордабасы» , Шымкент жайлы естігенсіз бе? Ойыңыз шындықпен жанасты ма?
-Жоқ. Қазақстан жайлы тек досым Джуниор Кабанангадан естігенмін. Ол Қазақстан жайлы жылы лебізбен айтатын. Оған осында ұнағанын айтқан. Шымкентте болғаныма бақыттымын!

- Сіз Бельгия, Нидерланд, Греция, Кипр және Молдова елдерінің чемпионаттарында ойнадыңыз, кейңнен Қазақстанға келдіңіз. Осы сайыстарды салыстырып, солардың ішінде біз біріншілік қандай орында?
- Чемпионаттар әр түрлі. Қазақстанда қорғанысы көп, шағын футбол ойнайды. Бәріне үйренуге болады, тек икемдену керек.

- Сізді Шымкентте таниды ма? Бірге суретке түсіп, қолтаңба сұрайды ма?
- Ия (күледі). Мені осындай шаштарыммен еста қалдырмау мүмкін емес шығар. Менде осында фанттарым көп, соған өте қуаныштымын.

- Шымкентте жанұяңызбен тұрасыз ба?
- Ия, әйеліммен түраммын. Бізге үнайды.

- Қазақстанның және қандай қалаларында тұрғанды қалайсыз ба?
- Алматы және Нұр-Султан – өте әсем қалалар.

- Ұлттық астардан дәм таттыңыз ба?
- Палауды жақсы көремін, үнемі дәм татамын. Ал бесбармақ жегенім жоқ.

- Шымкенттік клубпен келісім шартыңыз қашан аяқталады?
- 2020 жылдың 13 қарашасында.

- Сіздің пікіріңізше Қазақстанда үздік ойыншы кім?
- Абдуллаи Диакате, Вагнер Лав и Абат Аймбетов.

prosports.kz




comments powered by HyperComments

Матч-центр