Новости клуба

06 сентября Жоао Пауло: «Мен өзімді Қазақстандықпын деп есептеймін»  Жоао Пауло: «Мен өзімді Қазақстандықпын деп есептеймін»
«Ордабасы» командасының шабуылшысы Жоао Пауло чемпионаттах мықты ойыншылар, клубтың келешегі және Қазақстандағы өмірі жайлы айтып берді. 

- Ойыңызша «Ботошани» командасымен жеңіліске не себеп?
- Барлығы менімен келіседі деген ойдамын, біздің команда ол ойында үздік көрінді. Бізде жақсы мүмкіндіктер болды, бірақ орындау жағы шамалы нашар болды. Тура сондай сәт «Қайрат» командасымен де болды. Біз жиналып, сірлі сәттерді орйындай бастадық. Қазір бізде уақыт бар, ойынға, жаттығу үрдісіне біраз өзгертулер енгіземіз. Ойымша жағдайды түзетеміз.

- Мүмкін үзілістен болар, Қазақстан чемпионатының кестесі үйреншікті емес болып көрініп тұр. «Қайрат» бірінші орында, «Астана» екінші орында, ал «Ордабасы» алтыншы. Ақтық ойындарға өзгереді ме?
- Ойымша пандемия өзгертулер енгізді. Карантин біткеннен кейін командалар бір жағдайда еді. Бірақ «Қайратқа» үзіліс пайдасын тигізген секілді. Қазір чемпионат түзелді. Енді менің пікірім бойынша бізде уақыт бар, барлығын түзеп үштікке немесе келесі маусымда Еуропа Лигасында ойнау үшін төртікке ілінуге мүмкіндіктеріміз бар. Өзгерулер болады әлі.

- «Қайрат» пен «Қайсар» Еуропа Лигасының келесі раундына өте ала ма?
- Жақсы болар еді (күледі.) Қазір мен өзімді Қазақстандық деп есептеймін, сондықтанда Қазастандық клубтар неғұрлым алыс раундтарға өткендерін қалар едім. Олар үшін шын жүректен уайымдап, жанкүйерлік танытамын.

- Сонда, Қазақстан сіз үшін екінші Отан ба?
- Бірінші десем де болады (күледі). Мен мұнда Бразилиядан қарағанда көбірек өмір сүрудемін.

- Және қандай Қазақстандық клубтарда ойнағанды қалар едіңіз?
- Шынымды айтсам маусым басында маған «Тобол» клубынан ұсыныс келіп түсті. Бірақ маған және отбасыма Шымкентте жайлы. Ол жайлы ойламауға да тырысамын, тек алаңға шығып жұмыс жасаймын.

- Қай футболшыға қарсы сізге ойнау қиын болды?
- Нұралы Алип «Қайрата» командасынан. Бізде бірнеше текетерістеріміз болған.

- Қазақстандық үш үздік ойыншы?
- Дмитрий Шомко, Дмитрий Непогодов және Нұралы Алип.

- Қазақстандағы үш үздік легионерлер?
- Мен төртеуін айта аламын. Диакате, Фонтанелло. Олар біздің команданың көшбасшылары. Марин Томасов және Адеринсола Эсеола.

- Сіздің жанұяңыз Қазақстанға келді ма?
- Жоқ. Әйелім және балаларым Бразилияда қалады деген ойдамын. Қазақстан Чемпионаты қашан аяқталатынын біз білмейміз. Шынымды айтсам жанымда отбасым болмағаннан бұл маусым маған өте қиын болды.

- Ұлттық тағамдардан дәм татып көрдіңіз бе?
- Ия, палау, бесбармақ жедім. Ұнады (күледі).

- Шымкентте қайда болғанды ұнатасыз?
- Жанұямызбен саябқатрда серуендегенді ұнатамыз. Зообақта, «Қиял Әлемі» бағында көп боламыз

- Қазақстанның және қандай қалалары ұнайды?
- Шымкентті есептемегенде Алматы ұнайды. Сонда Бразильдік ас дайындайтын мейрамхана бар. Біз жанұямызбен сол жерге жиі барып тұрамыз. Кішкене болса да өз үйімдегідей сезінемін. Және Нұр-Сұлтан.

- Өткен сұхбатта сіз орыс тілін үрену керек деп айтқан болатынсыз. Бастадыңыз ба?
- Әзірге жоқ (күледі). Менің 5 жасар ұлым Шымкентте бала бақшаға баратын. Ол менен орысша жақсы біледі. Ол менің ұстазым (күледі).

- Сіздің «Ордабасы» командасымен келісім шартыңыз 2020 жылдың соңында аяқталады ма?
- Жоқ, менің келесім шартым 2021 жылдың соңына дейін.

prosports.kz




comments powered by HyperComments

Матч-центр