Новости клуба

30 августа Кахабер Цхададзе: «Быстровтың кетуімен, бұрын команда ойнап жүрген жүйе құртылды» Кахабер Цхададзе: «Быстровтың кетуімен, бұрын команда ойнап жүрген жүйе құртылды»
«Ордабасы» командасының бас бапкері Кахабер Цхададзе, 7 тур «Қайрат» командасымен өткен матчқа пікірін білдірді: 

- Бірінші кезекте айта өтейін, Быстровтың кетуімен бұрын команда ойнап жүрген жүйе құртылды. Қазіргі таңда командада оның орнында ойнап, соның атқарған жұмысының мөлшерін атқаратын ойыншы жоқ. Бұл үлкен күрделі мәселе, сондықтанда жүйені құртпас үшін басқа үлгілерді ойлап табудамыз. Осы орын үйреншікті емес ойыншыларды қоюға мәжбүрміз. Екінші мәселе, өте көп қателіктер. Жақсы қорғанып жатқан едік, бірақ допты жоғалтқаннан кейін «Қайрат» жоғары қысым көрсететінін білдік, пас арқылы шығуымыз керек еді, дегенмен ол мүмкіншілкті игере алмадық. Және үлкен рөлді кейбір футболшылардың жеке шеберлігінде екенін атап өтейін. Мысалы Вагнер Лав, ол біздің қорғаушылардан басым болды. Біз бірінші таймды қолдан жіберіп, үш гол өткіздік. Қарысластың ойынын ескерсек, бізге мықты пас керек еді, үшінші пас арқылы голдық позицияға өту керек еді. Соған қарамастан біз көп мүмкіншілік түздік. Екінші таймда ауысымдар жасап төрт қорғаушы жүйесіне өтіп жақсы футбол көрсеттік. Әрине жасаған мүмкіншіктерді қолдану керек еді. Диакатеде 1000% айып добы бар еді. «Ботошанимен» соңғы өткен ойында төреші қарсыласқа қызыл карточканы көрсетпеді, сондықтан сол ойынның нәтижесіне әсер етті. Бүгін 3:1 есебінде төреші айып добын белгілегенде, және қосымша уақыт болғанда кім біледі қандай есеп боларын. Дегенмен барлығы қателіктер жасайды. Қазір біздің ойланатын мәселеміз қалай соншама гол өткізбеу үшін қандай жүйеге өту. Қазір жоғарыда айтып өткен керекті позицияға ойыншы табу мәселесі болып тұр, мүмкіншілігінше жергілікті ойыншыны. Барлығымыз ойлануымыз керек. Мен футболшылармен сөйлестім, оларға түсіндірдім бүгін екінші таймда ойнағандай ойнап, өз ойынымыздың жүйесін ауыстыру. Ештеңе етпейді, чемпионат әлі аяқталған жоқ, барлық қателіктерді саралап, алға қарай ұмтыламыз.






comments powered by HyperComments

Матч-центр