Новости клуба

22 июня Рубен Бриджидо: «Шымкентте мен өзімді жайлы сезінемін» Рубен Бриджидо: «Шымкентте мен өзімді жайлы сезінемін»
«Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Рубен Бриджидо Шымкенттік ыстығы жайлы, қаладағы қауіпсіздік шарасы және футбол маусымының жалғасуы жайлы сұхбат берді. 

«Ордабасының» Португалдық жаңа ойыншысы Рубен Бриджиду чемпионаттың алғашқы турында «көк-ақтардың» сапында алғашқы голымен көзге түсті. Осы гол Шымкенттіктердің «Оқжетпеспен» өткен матчында жалғыз болды. Дебютті кездесу, жаңа клубқа 3 ұпай алып келген бірінші гол – мүмкін осындай премьералық ойын жайлы тек армандауға болатын шығар. Бірақ кейіннен бар әлемнің тізгінін қолға коронавирус алды... Енді міне Португалдықтан әрі қарай шеберлік көрсету мүмкіндігі белгісіз уақытқа шегерілді. Әрине, осы ойыншыдан керемет ойын өрнегін Қазақстандық жанкүйерлер шілде айында көруге мүмкіндік туады деген үміт бар.

- Рубен, 2020 жылдың футбол маусымының бастамасы сен үшін өте қарқынды болды. Сен жаңа «Ордабасы» футбол клубына өттің, Қазақстан чемпионаттында ойын бастадың да бірден алғашқы матчта жеңіс голын соқтың. Саған осындай серпінде өмір сүру ұнай ма?
- Барлығы тез болды, бірақ жақсы. Мен өзімді жаңа командадам жайлы әрі бақытты сезіндім. Клубтағы жігіттер мен жақсы қарсы алды, және өзімді ұжымда жайлы сезінуім үшін барлығын жасады. Және сол голдан ең маңыздысы команданың жеңісі болды.

- Бірақ кейіннен коронавирус жайпап кетті. Осы уақытта сен қайда болдың? Шымкентте пәтер жалдап үлгердің бе?
- Мен біз жаттығатын кешенде қалдым. Бұл жақсы жер. Мен пәтер іздедім, бірақ карантин басталған кезде кешенде қалуға шешім қабылдадым.

- Амалсыз үзілісте немен айналыстың?
- Өз жанұяңнан, достарыңнан алыста қалу өте қиын. Бірақ кешенде қалғанымның арқасында, мен онда басқа ойыншылармен тұрдым, сондықтанда сол уақытты бірге өткеру оңай болды

- Сонда тамағыңды өзің дайындаған жоқсың ғой?
- Жоқ, дайындамадым. Кешенде бізге керекті астың бар түрін жасап берді. Және онда бізге күтім болды. Үзіліс барысында мен жаттықтым, жанұям, достарыммен хабарласып тұрдым. PlayStation ойнадым.

- Қатаң шаралар жеңілдетілгеннен кейін қаламен таныстың ба? Шымкент саған қалай екен? Болгарияға ұқсайды ма?
- Ия, карантиннен кейін қаланы тануға көп уақыт болды. Бірақ қауіпсіздік шараларын ұстану керек еді. Қазір мен орталыққа жақын жерде пәтер жалдап тұрамын, және көп жерлерді көрдім. Бірақ қалада көп болуды шектегенмін, арнайы қауіпсіздік шараларын ұстанып жүрмін. Шымкент, Болгариядағы Стара Загора қалаларынан ірі қала. Бірақ оларда жақсы қалалар. Осында Шымкентте мен өзімді жайлы сезінемін. Қала маған ұнайды, мұнда дәмді тамақтанып, уақытты жақсы өткізу үшін көптеген керемет жерлер баршылық.

- Шымкенттің ауа-райысы қалай саған? Португалдық үшін тым ыстық емес пе?
- Шыныменде Шымкентте ауа-райы ыстық, Портгуалиядан да ыстық. Бірақ мен бұрын Кипрда ойнағанмын, жаз мезгілінде сонда осындай секілді ыстық болатын. Мен мұндай мезгілге үйреніп келемін, маған мұнда ұнайды.

- Осы жылы болған түрлі жағдайлардан кейін. Сен Қазақстанға келу жайлы шешіміңе өкінген жоқсың ба?
- Осы жылы болған келеңсіздіктерге қарамастан мен Қазақстанға келу шешімім дұрыс болды деп ойлаймын. Менің мансабыма, менің өміріме ең жақсы шешім болды. Мен шыныменде жоғары кәсіби ойыншылары бар, керемет құралған команданың тең жартысы болдым. Және клуб бізге керекті қолдаудың барлығын беріп отыр.

- Қазіргі таңда чемпионатың қайта жалғасуында сенің психологиялық және физикалық дайындығың қалай?
- Ұзақ үзілістен кейін жаттығуларсыз, барлығы карантинде болғанда біз жаттығуларды үйде өткізгенбіз. Әрине олар алаңдағы толық қанды жаттығуларға, жолдастық кездесулерге жетпейді. Психология жағынан да қиын болды. Оған себеп біз үйде қамауда қалдық, барлық адамдарға секілді бізге де қиын болды. Физикалық дайындыққа келер болсақ, біз қазір жаттығып жатырмыз, әрине түсінікті біз Қазақстан чемпионаты тоқтаған кездегі деңгейімізде емеспіз, бірақ ойындармен барлығы қалпына келеді деген сенімдемін.

Sports.kz
 



comments powered by HyperComments

Матч-центр