Новости клуба

01 июня «Ордабасы» футбол клубы №4 Балалар үйінің тәрбиеленушілерін Xалықаралық балалар күнімен құттықтады. «Ордабасы» футбол клубы №4 Балалар үйінің тәрбиеленушілерін Xалықаралық балалар күнімен құттықтады.
1 маусым – Халықаралық балалар күнінің құрметіне «Ордабасы» футбол клубы №4 Балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады. Клубтың атынан балаларға тәтті әрі пайдалы сыйлықтар тартылды. Сонымен қатар мектептің микроавтобусын жөндеп берді. Карантинге байланысты футболшылар жекелей келіп құттықтай аламады. Бірақ мүмкін болған кезде керемет дәстүрге айналған және бір кездесу өткізіледі деп шешім қабылданды.

Шымкент қаласы №4 Балалар үйінің директоры, Нұрсауле Тастыбаева:

- Біздің алғысымыз шексіз, балаларымыздың атынан мен «Ордабасы» футбол клубына және клуб президенті Байсеитов Бахтияр Даниярұлына үлкен көмектері үшін алғыс айтамын. Шынымен бізде көлігіміз бұзылып қалды, қозғалтқышы істен шығып, қалай жөндеріміз білмей қиналғанбыз. Сіздердің көмектеріңіздің арқасында көлігіміз жөнделді. Бізге көлік өте қажет сонымен біз балаларды ЖОО, колледждерге, медицинадық тексерулерге, Түркістан қаласындағы сот істеріне және сондай секілді көптеген нәрселерге, бұл көлік бізге өте қажет. Әр бір жылы бізде 1-ші маусым күні балаларымыз үшін дастархан жаямыз. Сіздер біздерге көптеген жеміс-жидек, көкөніс, сусындар алып келдіңіздер сол сіздерге үлкен алғыс. Әрине карантиннен кездесу өткізе аламағанымыз өкінішті. Мен міндетті түрде балаларға сіздердің құттықтауларыңызды жеткіземін. Сіздер біздің үлкен достарымыссыздар, бізге үнемі көмек бересіздер. Жақында бізге спорт алаңын жасап бердіңіздер, енді жазғы уақытта балалар сонда футбол және өзге спорт ойындарымен айналысады. Карантин кезінде де біз жайлы ұмытпадыңыздар, келіп тұрдыңыздар. Көптеген жылдар бойы сіздер бiзге көмек беріп келесіздер. Спорттық формаларды сыйға тартып, «Ордабасы» командасының матчтарына шақырасыздар. Үлкен рахмет сіздерге Жақсылықтарыңыз Алла қалауымен еселене берсін. Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, береке және де спорттық жетістіктерді тілеймін!



comments powered by HyperComments

Матч-центр