Новости клуба

26 мая Жоао Пауло: “Ойымда Қазақстанда ұзаққа қалу”. Жоао Пауло: “Ойымда Қазақстанда ұзаққа қалу”.

— Жоао, карантин кезеңін сен Шымкентте жанұяңмен өткіздің ба?
— Карантинді мен жалғыз өзім бос пәтерде өткіздім, жанұям Бразилияда. Осы карантинде өте қиын болды.

— Осы уақыт бойы немен айналыстың? Жекелей жаттықтың ба?
— Бапкерлік штабпен жіберген күнделікті жаттығуоар жасадым. Фильмдер, телехиқаялар көргенді жақсы көремін, әсіресе Бразильдік спорттық драмаларды. Бірақ уақытымның басым бөлігінде видео қоңыраулар арқылы жанұяммен сөйлесіп отырдым.

— Асты өзіңе өзің дайындадың ба? Қазақстанда қандай тағамды ұнатасың?
— Осы карантинде мен әйелімнің видео сабақтары арқасында тамақ дайындауды үйрендім. (күліп) Кейбір кездері үйіме жақын мейрамханалардың бірінен телефон арқылы тапсырыс беріп отырдым. Қазақтың ас мәзірін сүйемін, сонымен бірге Бразилиядан дәмдеуіштер әкелгенмін.

— ҚПЛ-2020 сайысы қайта басталғаннан кейін басқаша болып көрінетіні белгілі. Ойыңша оған психологиялық және физикалық тұрғыда бейімделу қиын болады ма?

— Ойымша оңай болмайды. Енді әр бір ұпай ақтық кесіндіде маңызды болады. Физикалық жағынан біздің чемпионатта барлығы жақсы болады деген сенімдемін.

— Еуропа лигасының саралануы жайлы не айтасың? УЕФА еурокубоктің бастапқы іріктеу кезеңдерін өткізбеу мүмкін бе?
— Барлығы жақсы болып, біз ойнаймыз деген үміттемін. Спортшыларда Еуропа лигасының саралау ойындарында қарсылас командаларымен бақ сынасу мүмкіндігі болу керек.

— Еуропа лигасында «Лудогорецмен» кездескіңіз келеді ме?
— Қызық болар еді, ол керемет команда. Жеребелеуді күтеміз. Не боларын ешкім білмейді.

— Келісім шартқа сәйкес сен Шымкентте келесі жылдың соңына дейін боласың. Қазақ және Орыс тілдерін үйренесің бе?
— Ойымда Қазақстанда ұзаққа қалу жоспары бар. Маған және жанұяма осында тұру ұнайды. Үлкен ұлым Маноель 4 жаста, ол мектепке барады, осы уақытқа дейін орыс тілін жақсы меңгерген. Мен тек бірнеше сөз білемін.

— Маноэль өткен жылы мектепке Шымкентте барды ма?
— Ия, өткен жылы мектепке барып көп нәрсе үйренді. Әйеліміз екеуміз оны бейімделе аламайды деп қорықтық. Бірақ ол күнделікті ұйқыдан тұрып сабаққа сұранар еді. Ол үшін өте жақсы.

— Шымкентте жақында су тасқыны болды. Қазір жағдай тұрақты ма?
— Су тасқыны жайлы мен Instagram парақшасынан көрдім. Барлығының жағдайлары жақсы деп үміттенемін. Қалыпты өмірге барлығы тез келеді деген сенімдемін.

— «Ордабасы» жанкүйерлеріне бірдеңе айтқың келеді ме?
— Біздің жанкүйерлер үшін біз жеңістеріміз бен жетістіктер арқасында көптеген қуаныш алып келеміз. Оларды жақын күндері алаңдарда көреміз деген үміттемін.

sports.kz




comments powered by HyperComments

Матч-центр