Новости клуба

23 мая «Өзімді футболдан тыс елестете аламаймын. Сондықтанда осы кезең маған ең ауыр болып отыр» «Өзімді футболдан тыс елестете аламаймын. Сондықтанда осы кезең маған ең ауыр болып отыр»
Шымкенттік «Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Тимур Досмағамбетов Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында карантин және ұлттық чемпионаттың жалғасуы жайлы айтып берді: 

- Футболсыз үш ай көлемінде өмір сүру қалай екен?
- Әрине футболсыз өте қиын. Бекерден айтылмаған ғой футбол әлемдегі нөмірі 1-ші спорт, миллиондардың ойыны. Ойыншы үшін футбол ол – өмір. Өзімді футболдан тыс елестете аламаймын. Сондықтанда осы кезең мен үшін ауыр болып отыр.

- Сіздің карантиніңіз қалай өтіп жатыр? Немен айналусыдасыз?
- Үйде өзіңе қандай да бір іс табу өте қиын. Жаттығамын, фильмдер, телехиқаялар және біздің матчтардың видеошолуларын көремін. Карантин кезінде жанұяммен болдым, және олардың жанымда болғандарының арқасында өзімді жайлы сезіндім. Біздің көптеген жігіттер Шымкентте жанұясыз, сондықтанда оларға екі есе қиын.

- «Тараз» командасымен матч көрерменсіз өтті. Жанкүйерлерсіз ойнаған қалай екен?
- Жанкүйерлерсіз ойнау мен үшін, көрерменсіз театр секілді. Бірақ мұндай жағдай тек біздің елде ғана емес, барлық әлемде болып жатыр. Адамдардың денсаулығы барлығынан маңызды.

- Еуропалық чемпионаттар көрерменсіз жылдың соңына дейін өтетін болады. Сіздің ойыңызша осындай жағдай біздің елімізде болу мүмкін бе? Мұндай шешімге қалай қарайсыз?
- 16 мамырда Германияның чемпионаты басталды. Мен матчтарды көрдім. Теледидардан көріп ақ көрініп тұрды жанкүйерлерсіз ойын өте зеріктіреді. Біздің чемпионатта ол қалай көрінетінін білмеймін. Еуропада маусымды жанкүйерлерсіз аяқтайды. Олар үшін бұл өте үлкен ауыртпалық. Онда футбол жай ойын емес, дін іспеттес.

- «Ордабасының» маусым алды бастауына қандай баға бересіз?
- Чемпионаттың бастауы сәтсіз болды оған «Тараз» командасынан жеңіліс соған дәлел. Сол матчта командамен не болғанын білмеймін. Бірақ чемпионаттағы жоғарғы орындар үшін күресте “Таразбен” көрсеткен ойынды көрсетпеу керек. Біз нәтиже шығарып, чемпионаттың жалғасын күтудеміз!

- Ойыңызша карантин кесірінен ҚПЛ ды қашан бастап, аяқтауға болады?
- Қазақстандық футбол федерациясында чемпионатты жалғастырудың бірнеше үлгісі бар. Барлығы елдегі ахуалға байланысты. Командалар қазір қарқынды дайындақ үстінде. Көп ұзамай үзілістен кейінгі алғашқы ойынның уақытын білетін боламыз.




comments powered by HyperComments

Матч-центр