Новости клуба

06 мая «Ордабасы» ФК Мақтаарал ауданының тұрғындарына қолдау көрсетті. «Ордабасы» ФК Мақтаарал ауданының тұрғындарына қолдау көрсетті.
«Ордабасы» футбол клубының ұжымы су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына көмек көрсетті. Клубтың қызметкерлері сұрапыл апаттан зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік және ең қажетті заттарды жеткізіп берді. 

«Ордабасы» ФК - Спорттық директоры Қайрат Әшірбеков:
- Басшылық, бапкерлік штаб, футболшылар және клубымыздың әкімшілігі шетте қалмай зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына көмек көрсетуге шешім қабылдады. Үйсіз қалған адамдарға біз ең қажетті заттарды әкеліп бердік. Өз тарапымыздан өмірлік қиын жағдайда қалған отандастарымызға қол ұшын созып, көмек беруге шақырамыз. Бұл біздің адами және азаматтық міндетіміз.

Естеріңізге сала өтейік: 1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысында Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, Түркістан обылысының ауыл елдемекендерін су алды. 30 мыңнан астам тұрғындар эвакуацияланды.




comments powered by HyperComments

Матч-центр