Новости клуба

03 мая Құрманбек Ордабаев: «Чемпионат жалғасын тапса, «Ордабасы» өз ойындарын орталық алаңда өткізуге мүмкіндік бар» Құрманбек Ордабаев: «Чемпионат жалғасын тапса, «Ордабасы» өз ойындарын орталық алаңда өткізуге мүмкіндік бар»
Қажымұқан атындағы орталық алаңының директоры Құрманбек Ордабаев клубтың баспасөз қызметіне футболдан Қазақстан чемпионатының матчтарын «Ордабасы» футбол клубы өз алаңында өткізу мүмкіндіктері жайлы айтып берді. 

- Коронавирус пандемиясының пайда болу себебінен Шымкент карантинге жабылатыны белгілі болған кезде «Шымкент – ТМД мәдени астанасы» атты ресми салтанатын өткізбеу жайлы өкім келді. Дайындық тоқтатылды, арнайы құрылғылар жиналып әкетілді, алаңнан құм алынды. Арнайы тексерулерден кейін алаңымыз, оншалықты жақсы жағдайда емес екендігі анықталды. Кейбір жерлерінде шөпті қайта отырғыздық, ал алаңның бір беткейі төмендеген болатын. Біз барлығын түзеп, қалпына келтірдік. Осы күнде біз алаңда ресми матчтар өткізуге дайынбыз. Сонымен қатар қала әкімдігінің қолдауымен жанкүйерлер орындықтарын да жөндеуден өткіздік, VIP-орынды жөндедік, ғимараттың қасбетін жаңаладық, сонымен қатар алаңға тиесілі аумақты көгалдандырдық. Барлық жанкүйерлерге айтарым, Чемпионат жалғасын тапса, «Ордабасы» өз ойындарын орталық алаңда өткізуге мүмкіндік бар. Өз тарапымыздан сайыстарды өткізуге біз толықтай дайынбыз.

Естеріңізге сала кетейік өз алаңындағы барлық матчтарды Шымкенттік «Ордабасы» Қажымұқан атындағы орталық алаңында өткізеді. Бірақ 7-ші наурызда «Ордабасы» Қазақстан чемпионатының алғашқы ойынын «Биік» футбол орталығының алаңында өткізді. Оған себеп орталық алаңда «Шымкент – ТМД мәдени астанасы» атты ресми салтанатының өткізілуі.




comments powered by HyperComments

Матч-центр