Новости клуба

02 мая Рубен Бриджидо: "Ордабасының" чемпионатта жеңімпаз болуы мүмкіндігі жоғары" Рубен Бриджидо: "Ордабасының" чемпионатта жеңімпаз болуы мүмкіндігі жоғары"
"Ордабасының" Португалдық жартылай қорғаушысы Рубен Бриджидо клубтың баспасөз қызметіне Қазақстандық чемпионат, Шымкенттегі өмірі және клубтың мақсаттары жайлы сұхбат берді: 

- Неліктен мансабыңызды «Ордабасы» командасында жалғастыруды жөн көрдіңіз?

- Менің «Берое» клубымен келісімшартым аяғына жетіп қалған болатын. Болгарлық клуб менімен осы шартты ұзартқысы келген болатын, осы уақытта маған «Ордабасыдан» ұсыныс келді. Команда өткен жылғы чемпионатта 3-ші орынды иеленіп Еуропа Лигасында өнер көрсететінін білдім. Сонда менің мансабымда жаңа қадам жасауға болатын мүмкіндікті көрдім, сонымен бірге жаңашылдықты қаладым.

- Бізге келер алдын Қазақстан жайлы, оның чемпионаты жайлы не білдіңіз?

- Шынымды айтсам елдеріңіз бен футбол жайлы мен көп білмедім. «Астана» жайлы естігенмін, ол «Спортинг» және «Бенфика» командаларымен Чемпиондар Лигасында, Еуропа лигасында ойнаған. Есімде әлі елордалық клубтарыңыз Чемпиондар Лигасында «Апоэльге» қарсы ойнады. Ол кезде мен «Неа Саломина» атты өзге Кипрлық клубта ойнадым.

- Сіздің күткеніңіз осындағы жаймен тең түсті ме?

- Қазіргі жағдайда ия. Ерекшелігі клубта жаттығу үшін барлық жағдайлар жасалынған. Керемет алаң. Ойындар мен жаттығулардың жоғарғы деңгейдегі үйымдастырылуы. Сонымен қатар командадағы ойыншылардың деңгейі өте жоғары. Осы жәйт барлығымызды күнделікті мықты болуларымызға итермелейді.

-«Ордабасыда» сізді қалай қарсы алды? Клубта сізге ұнайды ма?

- Клубта мені жақсы қарсы алды. Барлығы маған жаңа қалада өзімді жайлы сезіну үшін жәрдемдесуде. Сондықтан мен өзімді командада жайлы сезінемін. Олардың талпыныстарын жоғары бағлаймын.

- Шымкент қалай екен?

- Өкінішке орай коронавируске байланысты қаланы көруге мүмкіндік болмады. Бірақ көрген жерлеріммен салыстырсам, қалаларыңыз өте көрікті. Ауа райы керемет, жылы. Осының барлығы маған икемделуге жәрдем беруде.

- Қайда тұрып жатырсыз? Базада ма әлде пәтерде ме?

- Мен пәтер іздеген едім. Бірақ коронавирус менің жоспарларымды бұзды. Осы каратнинмен жағдай шешілмей мен базада тұра беруді шештім. Мұнда мен үшін барлық жағдайлар жасалынған. Жаттығу үшін де тұру үшінде. Жағдай тұрақталғаннан кейін қайта пәтер іздеймін, Шымкенттің орталғында тұрсам деген ниет бар.

- Шымкентке жанұяңызбен келдіңіз бе?

- Мен үйленбегенмін, балаларым жоқ. Бірақ ұзақ қарым қатынастамын. Менің қызым Кипрден. Ол Шымкентке келу керек еді, бірақ коронавирустен ол өз елінде. Оның келуін күтідемін.

- «Ордабасы» клубынан кіммен араласасыз?

- Клубпен келісім шарт түзбей тұрып мен Жоао Пауломен сөйлескенмін, біз онымен Болгарияда бірге ойнағанбыз. Шымкентке келумен Пабло Фонтанелло және Мирзад Механовичпен достастым.

- Чемпионаттың тоқтатылуына қалай қарайсыз? Алаңға қашан шығамын деп ойлайсыз?

- Чемпионатты уақытша тоқтату жақсы шешім болды. Ешкім бұл вирус қаншалықты қауіпті екенін білмейді. Елдегі енгізілген карантин вирустың кең ауқымды таралмауына септігін тигізді. Осындай жағдайда ең бастысы адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулықтары. Шынымды айтсам чемпионат қашан жалғасатынын білмеймін. Клубтағылармен үнемі осы мәселе бойынша сөйлесеміз, ешкім қашан олай болатынын білмейді. Менің ойымша чемпионат жалғасын тек үкімет пен федерация қауіп сейілгенде сенімді болғанда жалғасады.

- Кахабер Цхададзе жайлы бапкер ретінде не айта аласыз?

- Бұл бапкердің көптеген елдер мен клубтардан жинаған тәжірибесі бар. Ол үнемі бізді жаттығуларға итермелеп, біздің мықты болуымызға ықпалын тигізеді. Цхададзе көптеген шабуылды футбол көрсететін бапкерлер секілді ойыншыларға жақын болуға тырысады. Біз оған кез-келген мәселе бойынша бара аламыз. Ол үнемі біздің жағдайымызды сұрап, бізге қамқорлық жасайды.

- Қалай ойлайсыз «Ордабасы» осы маусымда чемпион бола алады ма?

- Бізде шыныменде ең мықты, тәжірибелі ойыншылар жиналған. Осы маусым жақсы болу үшін біз барлығын жасай аламыз. Чемпиондыққа күресе аламыз ба? Оны уақыт көрсетеді. Бірақ бар мүмкіндік бізде бар. Тек осы мақсатты алдымызға қойып әр ойын сайын күш жігер қосуымыз керек.




comments powered by HyperComments

Матч-центр