Новости клуба

28 апреля Ұлар Жақсыбаев: «Толықтай футбол өміріне қанығып кету үшін күтіммен өмір сүрудемін» Ұлар Жақсыбаев: «Толықтай футбол өміріне қанығып кету үшін күтіммен өмір сүрудемін»
 Шымкент футболының шәкірті, «Ордабасы» командасының қорғаушысы Ұлар Жақсыбаев клубтың баспасөз қызметіне футболдағы алғашқы қадамдары, карантиндегі өмірі және чемпионаттың жалғасы жайла айтып берді

- Сенің футболдағы алғашқы қадамдарың, футболмен қалай жаттығуды бастадың?

- Футболға мен үлкен ағам Жомарттың арқасында келдім, ол кезде мен 4-ші сыныпта оқимын, өзімнен 3 жас балалармен жаттығатын едім. Менің алғашқы бапкерлерім Ғалымжан Төлегенов пен Алтынбек Есенбаев болды. Олар мені СДЮСШ №7 мектебінде тәрбиеледі. Ерекше олардың балаларды тәрбиелеудегі кәсібиліктері мен шыдамдылықтарын айтқым келеді. Олар күнделікті қызықты әрі пайдалы жаттығулар жүргізетін еді. Сонымен қатар маған үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан бауырларыма , ата-анама алғысым шексіз. Жанұямыз үлкен емес. Әкем, анам екі ағам жіне қарындасым бар. Ағаларымның жанұялары бар, ал қарындасымыз Алматы қаласында ҚазҰУ-де 2-ші курста оқиды.

- «Ордабасы» жүйесіне қалай келдің?

- Менің мансабымдағы алғашқы кәсіби клуб ол «Биік» болды, онда мен керемет 2012 және 2013 жылдары маусымдарды өткіздім. 2014 жылы «Астана-1964» командасына өттім. Ал және тағы бір жылдан кейін «Ордабасыға» өттім. Ол кездері мен «лимитчик» едім, сондықтанда бас құрамада өзімді көрсетуге мүмкіндік туды. Мені Түркияда өтіп жатқан оқу-жиын жаттығуларына шақырды, ол кезде бас бапкер Виктор Кумыков болатын. Бірақ 2016 жылы мен аз уақытқа «Қайсарға» жарты жылға жалға берілдім. Бірақ кейіннен қайта «Ордабасыға» оралдым. Сол күннен бері мен клубымыздың үлкен жанұясының бір мүшесі болғаныма бақыттымын.

- Сен түрлі жайғасымдарда ойнайсың, бірақ өзіңе алаңда қай орында ыңғайлы?

- Көбінесе мен қорғауда ойнаймын, жартылай қорғауда өнер көрсеттім. Негізі мен орталық қорғаушы орнында өзімді жайлы сезінемін. Бірақ замануй футболда ойыншылар универсал болуы керек. Қорғаушыда болып, шабуылды да жасау білу қажет. Сондықтанда мен бас бапкер ұсынған кез-келген орында ойнауға дайынмын, бастысы мен, көзделген мақсаттарды орындау үшін бар күшімді саламын.

- Карантинде уақытың қалай өтуде?

- Әрине карантинде болу ыңғайлы емес, бірақ коронавирус пандемиясын жеңі үшін бұл өте дұрыс шешім. Жеке өзім жақындарымның жанында үйдемін. Әйелім екеуміз Ораза ұстап жатырмыз. Үй жағдайында жаттығудамын, бапкерлер онлайн жүйеде біздерге жоспар жіберіп отыр. Ал қалған уақытта барлығы секілді, фильмдер көремін, кітап оқимын және тіркемеде ойнаймын.

- Қазақстан чемпионатының деңгейіне қандай баға бересің?

- Жылдан жылға чемпионатымыздың деңгейі артып келеді, чемпионатты қызықты етіп жатқан мықты ойыншылар келуде. Командалардың да деңгейі тұрақталды. Әлсіз командалар жоқ, әрі команда қарсыласын жеңе алады. Сонымен қатар өзін көрсете білген жас ойыншылар көптеп көрінуде. Ал чемпиондыққа тәуелді командалар жайлы айтатын болсақ менің ойымша осы тоқтап қалған уақыттан кейін бар команда бір деңгейде болады. Барлығын уақыт көрсетер, тек пандемияның аяқталуын күтуіміз керек.

- Коронавируске қатысты осы оңай емес күндері біздің жанкүйерлерге қандай тідегің бар?

- Бірінші кезекте барлық мұсылмандарды бастауын алған қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймын! Мен сенімдімін коронавируске қатысты өзгерген өміріміз өз сабасына түседі, тек шыдамдылық таныту керек. Карантиннің шарттарын орындау керек. Менде бар футбол сүюші қауым секілді ресми ойындарды сағынып жүрмін, сол футбол ауқымын аңсап толықтай футбол өміріне қанығып кету үшін күтіммен өмір сүрудемін. Ойымша жақында чемпионат жалғасатын болады, сонда біз жанкүйерлерімізге қуаныш сыйлайтын боламыз. Аман болыңыздар!
 



comments powered by HyperComments

Матч-центр