Новости клуба

22 апреля Тимур Досмағамбетов: «Футболсыз қалу өте қиын, бірақ барлығы жақын арада аяқталатынына үміттімін» Тимур Досмағамбетов: «Футболсыз қалу өте қиын, бірақ барлығы жақын арада аяқталатынына үміттімін»
«Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Тимур Досмағамбетов клубтың баспасөз қызметіне скайп-сұхбат барысында карантиндегі өмірі, жанұялық челлендж және чемпионаттың жалғасуы жайлы айтып берді: 

- Карантинде уақытымыз көптеген жанұялы адамдардікіндей өткізудеміз. Балаларымызбен үйде отырмыз, әрине күнделікті тіршілігіміз соларға бейімделген. Менің екі қызым бар, үлкені 1-ші сыныпта оқиды, онлайн түрде сабақтары өтеді. Соған жәрдемдесеміз, мен тек ағылшынша жәрдем беремін, ал қалғанымен әйелім айналысуда. Екінші қызым 2 жаста, оған көп көңіл бөлінеді. Ол түскі мезгілде ұйықтағанда аздап кино түрлі бағдарламалар көреміз. Күнделікті жаттығуларым жайлы да ұмытпаймын. Маған бапкерлеріміз жаттығуларды жіберіп отырады, соларды орындаймын. Ал кешкісін астан соң, қыздарыммен түрлі ойындар ойнаймыз, тығылмашақ, қуаласпашақ дегендей. Карантинге келер болсақ барлығы анағұрлым қиын деп айта алмаймын, жабық қалу ол тек басымызда. Үйде отырып ақ көп нәрсемен айналысуға болады. Жаңашылдар үйреніп, сабақ оқып. Маған қиыншылығы ол футболсыз қалғаным, ал футболды алмасақ қыздарыммен серуенге шыға алмауым, саябаққа немесе табиғат аясында. Оны көру қиын балаларың күні бойы үйде отырса. Бір жағынан дұрыс үйде болу шарт, құдай сақтасын ауырмай осы уақытта үйде болғанымыз абзал

Үйдегі жаттығулар
Жаттығулар жайлы айтар болсам, басында барлығы ыңғайлы еді, бірақ уақыт өтісімен, шынымды айтсам мен өзімді мәжбүрлеп жаттығу жасаймын. Соңғы кездері қиын болып кетті, таза ауасыз, допсыз, командаластарсыз жаттығу жасау қиын, әрине жаттығулардың сан алуан түрі бар. Ол үшін бапкерлерге алғыс білдіремін, бірақ сол футболды сағынып жүрмін, футболдың ортағын десем де болады. Футбол ойнағандар мені жақсы түсіну керек, команданы сағындым, жаттығуларды сағындым. Әрине қазіргі жаттығулардың пайдасы бар, бұлшықеттер жұмыс жасап тұрады, мүндай жаттығулардың да пайдасы мол.

Чемпионаттың жалғасуы
Әрине чемпионаттың жалғасуы тікелей пандемияның аяқталғанына байланысты, енді уақыт көрсетеді. Федерациядағы адамдар тынбай жұмыс жасап жатқандары белгілі. Күнделікті осы мәселені ойланып жүр, біздердің жағдайларымызды жасауда. Уақыты жайлы мен ештеңе айта алмаймын, ол маған байланысты емес, егер жақын арада пандемия бітсе чемпионат жалғасады тек ойындар арасы жақындай түседі. Ал басқаша білмедім, ешкім білмейді ғой бұл қашан бітетінін. Біздің қолымыздан келері үйде болып карантин ережелерін сақтау, барлығына осы жайлы айтып ескертіп отыру.

Жанұя
Әйелім қазір үйде, қолы бос. Ол қазір өзін іздеуде, келіншегімнің барлық бастамаларын қолдаймын. Жақында фотографтар оқуын бітірді, карантин болмағанда онымен айналыса берер еді. Қазір үйде, белсенді түрде инстаграм парақшасын жүргізуде. Өзінің және біздің өмірімізді түсіріп отырады. Сонымен қатар балалармен айналысады, тамақтарымызды істейді. Енді карантинде болғанымыздан, біз үнемі тамақ сұраймыз, сондықтанда ол ерекше, жаңаша ас мәзірін дайындауға тырысады.

Instagram – Челлендж
Шынымды айтсам мен ондай челлендждерді көп жүргізе бермеймін. Үйде жаттығу жасап жатқанмын. Кішкентай қызымды шақырдым, маған оның салмағы аз болып көрініп қалды, содан кейін әйеліме ұсыныс жасадым, алдын ол қорқып тұрған еді, бірақ кейін келісімін берді. Үйде әйелімнің әпкесі бар болатын, ол осы жаттығуымды көріп челлендж жасауға ұсыныс жасады. Бұл челленджді достарымызға, футболшыларға жібердік біреулері күліп келісіп жатаса, екіншілері әзілдеп әйелдерін көтере алмайтындарын айтып жатты.

Жанкүйерлер
Жанкүйерлерге айтарым үйлеріңізде болыңыздар, пандемия ол мәңгілік емес, уақытысымен бәрі бітеді, тек шыдамдылық танытып бар ережені орындаумыз шарт. Барлығы өз орындарына орнығуы үшін карантинді сақтайық. Барлығы көп ұзамай аяқталады.




comments powered by HyperComments

Матч-центр