Новости клуба

20 апреля Максим Ваганов: «Алдыңғы қойған мақсаттарға жету үшін, үнемі жұмыс жасау қажет» Максим Ваганов: «Алдыңғы қойған мақсаттарға жету үшін, үнемі жұмыс жасау қажет»
«Ордабасы» командасының 19-жасар жартылай қорғаушысы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында жарақаты жайлы және алдағы маусымға үміттері жайлы айтып берді:  

- Түркияда өткен оқу жиын жаттығуларында сен жарақат алып қалдың, қаншалықты ол күрделі болды? 
- Түркияда өткен оқу жиын жаттығуларында алғашқы жолдастық кездесу өткіздік, Болгарияның «Берое» командасымен. Мен екінші таймда ауысымда шықтым, ойын барысында қарсыласпен күрес кезінде сәтсіз секіріп жарақат алдым, дельтатәрізді бұлшықеттің үзілуі. Арнайы тексерулерден өтіп, Мәскеуге ұшуыма тура келді. Онда маған операция жасады. Әрине өкіншіті, дайындаласың, үміт артасың және жиын барысында жарақат алу өте ауыр. Психологиялық тұрғыдан да өте ауыр. Дегенмен мен ата-анама, бапкерлеріме және командаластарыма алғысым шексіз, қиын сәтте маған қолдау көрсетті. 

- Қалпыңа келу қалай өтіп жатыр? 
- Қазіргі уақытта қалпыма келу арнайы жоспармен жүзеге асырылуда. Операциядан кейін маған 2-3 ай тынығып, дәрігерлердің нұсқауларын орындауым керек. Бірақ пандемияға байланысты қалыпты физиоемдеу аламай жатырмын. Қазір үйдемін, дәрігерлермен бапкерлердің нұсқауларын орындаудамын, және жақын айда емделіп шығамын деген үміттемін. 

- Толыққанды жаттығуларға қашан өтесің, және формаңды қалай ұстап жатырсың? 
- Толықтай жаттығуларға мен әлі өткенім жоқ, арнайы жаттығуларды мен бір жарым ай бұрын ғана бастадым. Карантинге байланысты, біздің дайындықтар онлайн түрде үйлерімізде өтуде. Бапкерлік штаб арнайы маған арнап бірегей жаттығу жоспарын түзіп берді. Енді ең бастысы ешқайда асықпай байыппен жұмыс жасау. Бапкерлердің бар нұсқауларын орындап қалыпты физикалық жағдайға жету. 

- Өзіңнің былтырғы маусымыңа қандай баға бересің? 
- Менің ойымша өткен маусым команда үшін керемет болды, біз клуб басшылығының нұсқауларын орындадық. Жеңісті үштікке ендік, жанкүйерлерімізді қуанттық. Ендң аздап Еуропа Лигасында сәтіміз болмады. Маған сенсеңіздер болады, біздің жігіттер алдарына жан салмай ойнады, тек келесі кезеңге өту үшін, бірақ амал қанша. Біз барынша тырыстық. Өзіме келер болсақ, өткен жыл Прмеьер-Лигада маған алғашқы болды. Және бас команда «Ордабасы» сапына түскеніме қуаныштымын. Әрине мен көп матчта ойнағаным жоқ, бірақ ерекше есіме түсіп отырғаны Қазақстан кубогінде «Тараз» командасымен өткен ойынымыз. Мен стартты құрамда шығып жеңіс гол соққан едім. Бапкерлік штабқа алғысымды білдірігім келеді, маған сеніп стартты құрамға енгізгендері үшін. Сонымен қатар командаластарым жайлы да айтқым келеді. Олар үнемі мені қолдап отырады. 
Менде бірдеңе болмай қалды деп айта алмаймын, барлығы уақытымен, бұл тек менің бірнші маусымым. Күш салып талмай еңбек ететін боламын. Нәтиже болу үшін, еңбектену қажет. 

- Бас командада тұрақтанып қалу үшін саған қай тұрғылардан қосу керек? 
- Біздің командадағы тәжірибелі ойыншыларға қарап ойым, доппен жұмыс істегенде жылдамдықты арту керек маған. Физикалық тұрғыдан, және алаңда ойлау қабілетін арттыру шарт. Екінші лигамен Премьер лига арасында жылдамдықтар арасында айырмашылық бар, тезірек шешім қабылдау керек. Бірақ қазір ол менде болмай тұр, ештеңе етпес барлыұы уақытысымен. Тек бапкерлердің айтқанын орындап, көп жұмыс жасау керек. Қайталап өтейін командаға септігім тию үшін мен барлығын жасаймын. 

- Жанкүйерлерге тілегің 
- Осы қиын кезеңде барлық жанкүйерлермен Қазақстандықтарға шыдамдылық пен денсаулық тілеймін. Сонымен қатар біз чемпионаттың басталуын тағатсыздана күтудеміз. Бірақ барлығы өзімізге байланысты, карантин ережелерін сақтайық, сонда ол күнде жақындай түседі.




comments powered by HyperComments

Матч-центр