Новости клуба

11 апреля Рустам Фардиев: «Біз барлығымыз футболды жақсы көреміз, бірақ бірінші орында балаларымыздың денсаулығы» Рустам Фардиев: «Біз барлығымыз футболды жақсы көреміз, бірақ бірінші орында балаларымыздың денсаулығы»
«Ордабасы» футбол орталығының жастар футболын дамыту бағдарламысының басшысы Рустам Фардиев клубтың баспасөз қызметіне алдағы маусымға дайындық және карантин кезіндегі жаттығу барысы жайлы сұхбат берді. 

Маусымға дайындық.
- «Ордабасы» ФО барлық бапкерлері мен шәкірттері жақсы деңгейде жарыс алдын және маусымға дайындық шараларын өткізді. Үлкен деңгейде жұмыстар атқарылды. Кіші топтың бапкерлері селекция тарапынан белсенді жұмыс жасады. Мектептерден іріктеу жасалынды, сонымен қатар «ОРМБЖСМ № 17» мектебінен дарынды балаларды тарттық. Мүмкіндікті пайдалана отырып мектептің басшылығы мен бапкерлер құрамына үлкен алғысымды білдіремін. Карантин алдын Республикалық «Арман» сайысына қатысып ақтық ойындарға дейін жеткенбіз. Қысқасы, дайындықты жақсы өткізіп орталығымыздың бар ойыншылары керемет формада болып футбол маусымына дайын еді.

Ұсыным науқаны.
- «Ордабасы» ФО дайындық топтарында көргіміз келген бар жастағы команда футболшыларын сәтті ұсыным жасадық. Онда жеті жас бар, олар футбол орталықтары мен академиялар арасында өтетін ҚР чемпионатына қатысатын болады. Сонымен қатар орталығымызда қыздардан құралған екі командамыз бар, оларда болашақ сайыстарда Шымкент клубының намысын қорғайтын болады.

Карантин кезінде жаттығулар.
- Коронавирус пандемиясының қазіргі жағдайында барлық балалар үйлерінде, бірақ келеңсіздіктерге қарамай олар өз бапкерлерінің қадағалауында. Техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, біздер интернет желісі арқылы күнделікті жаттығулар жүргізудеміз. Әр бір бапкер жаспен уақытқа қарай әр шәкіртке көңіл бөліп жекелей жаттығу жоспарларын түзіп отыр. Айта өтейін бар бала қызығушылық танытып, сараптама мен бағалар үшін өз жаттығуларын видеоға түсіріп бапкерлеріне жіберіп отыр. Балалармен сөйлестім барлығы дерлік футболды, жаттығуларды, алаңды сағынып отыр. Футбол ойнауға құлшыныстары өте зор. Әрине барлығымыз футболды жақсы көреміз, онсыз тұра алмаймыз. Бірақ бірінші кезекте балалардың денсаулықтары. Аздап шыдамдылық таныту керек, аз уақытта бәрі аяқталып, барлығы өз орнына келеді.




comments powered by HyperComments

Матч-центр