Новости клуба

07 апреля Андрей Ваганов: «Қазір бірінші орында адамдардың денсаулығы болу керек» Андрей Ваганов: «Қазір бірінші орында адамдардың денсаулығы болу керек»
«Ордабасы» жастар құрамасының бас бапкері Андрей Ваганов клубтың баспасөз қызметіне чемпионатқа дайындық, құрама жиынтығы және футболдағы жанкүйерлердің маңыздылығы жайлы айтып берді 

- Команданың чемпионатқа дайындығы қалай өтті?
- Біз «Ұлан» базасында өте қарқынды оқу-жиын жаттығуларын өткіздік. Өте керемет база, барлық жағдайлар жасалынған. Екі алаң бар, табиғи және жасанды. Жаттығу жасайтын зал, барлығы дерлік ойланбай жаттығу үшін жасалынған. Жиында қырықтан астам үміткерлерді қарап шықтық. Көбісі ішінде жергілкті, біздің футбол орталығының 2001, 2002, және 2003 жылғы туылған жас аяқ доп шеберлері. Бірінші және екінші лиганың командаларымен 10 ойын өткіздік, жақсы тұстар бар, бірақ жұмыста жеткілікті. Қарапайым сөзбен айтқанда жақсы жиын өткіздік. Әрине мұның барлығы нәтиже беру керек еді, бірақ әлемде жарияланған пандемияға қатысты жайсыздықтар бар, қазір барлық жігіттер екі аптадан бері үйлерінде отыр. Және де бір жиын өткізгім келіп отыр, бірақ өкінішке орай ол мүмкін емес.

- «Ордабасыға» қосалқы команда жіктеу сұранымы өтті, таңдау қалай өтті, және бапкерлік штабтың таңдауы неге сүйенді?
- Ия, жақын күндері маусымға сұраным өтті. Кішкене күрделі мәселелер болып тұр. Мысалыға «Қайрат» командасының ойыншылары, оларды біздің командаға өту туралы. Алматының қаржылай талаптарына сай, бұл мәселе шешімін таппай отыр. Онда жас футболшы бар, ол біздің командаға өткісі келіп отыр. Оны мен бас құраманың ойыншысы ретінде көріп отырмын, бірақ бірінші сұранымға оны іліктіре алалмадық, мүмкін екінші айналымда болар. Жалпы сұранымға келер болсақ, командада көргіміз келген ойыншылардың дерлік барлығы бар.

- Коронавирус пандемиясына байланысты футболшылар формаларын қалай ұстауда?
- Карантиннен біз жалпы топта жаттыға алалмаймыз, сондықтанда интернеттің мүмкіншіліктерін пайдалана отырып жігіттерге жаттығулардың видеоларын, үй жағдайындағы жаттығудың ережелерін жіберіп отырмыз. Түрлі статикалық, физикалық жаттығулар бар. Сонымен қатар біз оларға доппен де көбірек жаттығуға кеңес беріп отырмыз, оған себеп, доппен қатысты бірнеше жаттығулар бар. Сондықтанда қазір тек өзімізді формада ұстап, чемпионаттың басталуына дайын болу біздің басты мақсатымыз. Ең бастысы барлық жігіттер, жұмыс жасағылары келіп отыр, футбол маусымының жалғасуын асыға күтуде. Сонымен қатар команда алдына қойған мақсаттарды орындау ниеттері жоғары.

- Чемпионат жалғасқан жағдайда керекті форманы алу үшін қанша уақыт қажет?
- Жігіттер жас, талпыныс пен ниеттері мол. Егер чемпионат жалғасса менің ойымша екі апта ішінде жігіттер өз формаларына келеді. Мысалыға әлемдік БАҚ командаға дайындық үшін қырық күн керек дейді. Бірақ біз маусым алдын жиындарда дайындықтың іргетасын қалап қойдық. Сондықтанда амалсыз демалыстарда жоғалтып алған форманы жігіттердің жастығы, талпыныстары толықтай болашқта бізге жәрдем беру керек.

- Осы қиын кезеңде жанкүйерлерге не тілейсіз?
- Ең бастысы шыдамдылық, расында футбол әлемдегі номер бірінші ойын. Миллиондаған жанкүйерлер бір мезетте стадионға барып, сүйікті командасына жанкүйерлік таныту мүмкіндігінен айырылып отыр. Әрине бұл өте қиын, бірақ бірінші орында адамдардың денсаулығы болу керек. Жақын уақытта барлығы бітеді деген сенімдемін, жанкүйердер стадиондарға оралады, көрерменсіз ойнау әрине қиын, нәтижегеде ол септігін тигізеді. Бекерден айтпайды ғой, үйде қабырғаларыңда жәрдем береді деп, футболшыларға жанкүйердердің демеуі қажет. Барлығына денсаулық тілеймін, кішкене сабырлық танытайық, барлығы да жақсы болады.




comments powered by HyperComments

Матч-центр