Новости клуба

31 марта Пабло Фонтанелло: «Үйде қалыңыздар, далаға шықпаңыздар. Осылай істегеніміз барлығына жақсы болады» Пабло Фонтанелло: «Үйде қалыңыздар, далаға шықпаңыздар. Осылай істегеніміз барлығына жақсы болады»
«Ордабасының» Аргентиналық қорғаушысы Пабло Фонтанелло клубтың баспасөз қызметіне чемпионат тоқтатылған уақытта жаттығулары жайлы мен карантин ережелерін сақтау маңыздылығаы жайлы сұхбат берді.

- Әрине пандемиямен жағдай қиын әрі ауыр. Тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар әлемдегі барлық адам үшін. Адамдар есеңгіреп қалды, және барлығы күрделі екендігін түсінеді.

Аргентинадағы туыстар.
- Ия біз телефон арқылы хабарласып тұрамыз, оларда карантин ережелерін сақтап үйде отыр. Онда барлығы өте қатаң ададмдар мен көліктер қалада жүре алмайды. Күнделікті WhatsApp желісі мен видео байланыс арқылы сөйлесіп тұрамыз. Құдайға шүкір барлығы аман есен.

Жаттығулар.
- Мен күнделікті үйде жаттығып жүрмін. Бізге арнайы жаттығулар жоспарын жіберген. Сондықтанда жоспармен жұмыс жасаудамыз. Қосымша бөлек бұлщық еттерге жаттығу жасаймын. Әсіресе аяқтар, жүгіру жолақшасын қолданып күнделікті аз дегенде түрлі ырғақпен 5-6 шақырым жүгіремін. Чемпионат басталуына дейін өзімді формада ұстауым қажет. Біз дайын болуымыз керек. Құдайға шүкір чемпионаттың басталуына аз күндер қалды, әрине вирусты жеңу үшін бар күш жігерімізді қоссак.

Карантин ережелерін сақтау.
- Барлық жанкүйерлерге айтарым, қазіргі таңда өте қауіпті жағдай. Бұл әзіл емес жігіттер, ең жақсы емдік шара ол жағдайды түсіну, біздің тәртіпке бағынуымыз. Міндетті түрде үйде отыру қажет, далаға тек керек жағдайда азық-түлік алуға шығу қажет. Арнайы бетперделер мен перчаткалар киіңіздер, бұл өте ауыр вирус. Әр қайсымыз өз жақындарымыз бен ата-аналарымыз жайлы ойлануымыз шарт. Тек шыдамдылық таныту қажет, балаларыңызбен бірге болығыздар, бәрін еңсереміз. Тек үйде болыңыздар, бұл өте маңызды. Барлықтарыңызға үлкен рахмет! Аман болыңыздар!




comments powered by HyperComments

Матч-центр