Новости клуба

10 февраля Тимур Иксанов: «Матчта футболшылардың шешім қабылдауына уақыт аз» Тимур Иксанов: «Матчта футболшылардың шешім қабылдауына уақыт аз»
"Ордабасы" футбол клубының бапкері Тимур Иксанов Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында шымкенттіктердің физикалық дайындықтары туралы айтып берді:  

- Оқу-жаттығу жиындарында негізгі мақсат қандай? 
- Біз ұзақ мерзімді жұмыстардың нәтижесін күтеміз: Екі күндік үзілістен, екі кезеңге бөлінген жаттығу айы. Содан кейін біз Шымкентке Қазақстан чемпионаты басталардан екі апта бұрын келеміз. Біздің міндетіміз, ақпан айының соңына қарай ойыншылардың дене жаттығулар деңгейін сексен пайызға алып шығу. Бұл күшке, жылдамдық және төзімділікке түсетін жүктемелер. Әрине, психологиялық тұрғыдан болатын жаттығуларды назардан шығармау керек.


- Ойындар мен жаттығуларда физикалық жүктемелерді қалай біріктіруге болады? 
- Біріншіден, біз чемпионатта тек үш клуб қана пайдаланатын "Catapult" арнайы құрылғысын пайдаланамыз. Бұл - "Астана", "Қайрат" және "Ордабасы" командаларында. Жанкүйерлерге түсінікті болу үшін "Catapult" жүйесі - жаттықтырушылық штабқа нақты футболшының қажетті көрсеткіштерін беретін электронды технология. Ол ойын, немесе жаттығу кезінде футболшының барлық жүгіретін қашықтықтарын толық метражды есептеп шығарады. Ол қандай жылдамдықпен жасады және оның жүрек соғысы қандай қалыпты ма? Міне, футболшының ағзасы осы жүктемелерді қалай көтереді. Және басты міндеттердің бірі, жүрек қағысы төмендеу кезінде, тиісті физикалық жүктемені құрылғының көрсетуі арқылы арттыру болып табылады.

- Ойыншылардың дене күштерін бір дәрежеге қалай келтіруге болады? 
- Жаттығу алдында біз бапкерлік штабпен жоспар құрамыз. Футболшылар қандай қашықтыққа жүгіруі керек және қандай жылдамдықпен. Жаттығудан кейін біз толықтай нәтижені көреміз. Мысалы, жалпы топта жаттығатын екі футболшының, екеуі бірдей жылдамдықпен бір қашықтықты еңсерсе, олардың жүрек қағысы көрсеткішінің өзгеруі мүмкін. Яғни, екінші ойыншы артық жүктемені бастан өткеруде, немесе ол суықтаған болуы мүмкін. Жақында ғана жаттығуда бір жас футболшы мұрын ауруымен жүргенін ескертпеді. Сараптама нәтижесінде оның жүрегі әдеттегіден жиірек соққан болуы мүмкін. Жаттығудан кейінгі есеп бойынша, оның қызыл аймақта көп уақыт болғанын көрдік. Емделуден кейін бір күн өткен соң, оның көрсеткіштері барлығымен тең дәрежеде болды. Еуропалық клубтардың көпшілігі "Catapult" жүйесін пайдаланады. Биылғы жылы біз оларды күнтізбелік ойындарда қолдана аламыз деп үміттенемін. Ойыншыға берілетін осы құрылғының арқасында, футболшы қашықтықты қалай еңсеріп жатқанын, ол өзіне берілген жүктемелерді лайықты атқарып отырғанын, яғни ол неғұрлым көп қосылып, үлкен қашықтықты жүгіріп өткен сайын, жалпы командалық қозғалыс соғұрлым көп болады. Осылайша біз қарсыластан озуға мүмкіндік аламыз. 

- Матчтың талдауынан кейін қандай қорытындыға келесіз? 
- Матчтан кейін жаттықтырушы-талдаушы ұсынатын есеп футболшының қандай жұмыс істегендігін көрсетеді: көлемі, жылдамдығы, қуаты және т.б. Егер ойыншы жақсы көрсеткішке жетсе, жылдамдық сәттері деңгейде болса және оның белгілі бір пульстік көрсеткіштері дұрыс болса, онда оның қосымша резерві бар. Ал егер оның көрсеткіштері 90% – ға тең болса, онда оған қосымша жүктемелерді талап етудің керегі жоқ. Бұл ағзаға күш түсіруі мүмкін. Немесе оның денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. 

- Бүгінгі футбол күштілердің иелегінде, бұл қаншалықты маңызды фактор? 
- Иә, бүгінгі футбол белсенді болып келеді. Бүгін алаңның бөтен жартысында гипер прессинг немесе прессинг танымал. Мысалы, жақында біз жаттықтырушылармен чемпиондар Лигасының матчтарын талқыладық, және «Қара жұмыстың» қазіргі футболда маңызды екенін атап өттік, футболшылардың қазір шешім қабылдауға уақыты аз. 



comments powered by HyperComments

Матч-центр